"Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/388-ІІІ шешімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 10/135-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 08 қаңтарда N 2493 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 03 шілдедегі № 4/63-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ Қ АБЫЛДАДЫ:
      1. "Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2452, 2007 жылғы 7 тамыздағы № 94-95 "Дидар", 2007 жылғы 7 тамыздағы № 118 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған, 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/41-ІV шешіммен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2468, 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 6 "Дидар", 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 7-8 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) аталған шешіммен бекітілген Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқаулығында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.";
      2) 4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "1)-3) тармақшаларында" сөздері "1)-3), 8) тармақшаларында" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.


      Сессия төрағасы                    В. ЦХЕ

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы              В. АХАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады