Орман және дала өрттерінің пайда болуы мен таралуын болдырмау, оларды жоюды, елді мекендерді өрттен қорғауды, адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыруды, облыстың аумағындағы ірі өрттерді өшіруге қатысатын жедел қызметтер мен әртүрлі меншік түріндегі субъектілердің арасында өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын , Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабын , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының аумағында, әсіресе Бесқарағай, Бородулиха, Ұлан, Көкпекті аудандарында өрт қауіптілігінің жоғары болып тұрған кезінде 2007 жылғы 15 қазанға дейін жеке тұлғалардың болуына тыйым салсын және орманды пайдалану құқығын тоқтатсын.
2. Қоса беріліп отырған 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат өрттерін сөндіруді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.В.Плотниковқа жүктелсін.
4. "Шығыс Қазақстан облысының аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша шаралар туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 21 маусымдағы N 658 (тіркеу нөмірі 2427), 2006 жылғы 05 тамызда N 79 "Дидар" газетінде, 2006 жылы 05 тамыздағы N 120 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған
қаулысы
күшін жойды деп саналсын, "Шығыс Қазақстан облысының аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша шаралар туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 21 маусымдағы N 658 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 70 қаулысы, "Шығыс Қазақстан облысының аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша шаралар туралы" 2006 жылғы 21 маусымдағы N 658 қаулыға толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 208 қаулысы күшін жойсын.
5. Осы қаулы 2007 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Келісілді:
Шығыс Қазақстан облысы ішкі
істер департаментінің бастығы
Шығыс Қазақстан облыстық орман және
аңшылық шаруашылығы аумақтық
басқармасының бастығы
ҚР ТЖМ ӨҚҚК Шығыс Қазақстан облысы
өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2007 жылғы
" 4 " қыркүйектегі N 233
қаулысымен бекітілді
2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат
өрттерін сөндіруді ұйымдастыру бойынша
іс-шаралар жоспары
N р/с |
Іс - шаралардың атауы |
Аяқталу н ы саны |
Орындау үшін жауаптылар |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының ауыл шаруашылығы егістіктерінде, жайылымдар мен шабындықтарында бидайдың түбін, сабанды және басқа да өсімдіктердің қалдықтарын өртеуді жүргізулері үшін бақылау жасауды қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкімдері, ӨҚҚД (келісім бойынша), ІІД (келісім бойынша), АШД |
2007 жылғы қыркүйек- қараша |
2 |
"Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін" сақтау үшін бақылау жасауды қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкімдері, ӨҚҚД (келісім бойынша), АШД |
2007 жылғы қыркүйек- қараша |
3 |
Орман өрттерін өшіруді ұйымдастырған кезде осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды қозғалыс, өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкімдері, ӨҚҚД (келісім бойынша) |
Өрт болған жағдайда |
4 |
Орман алқаптарына апаратын автомобиль жолдарында, тұрғындар неғұрлым көп баратын ормандарда, туристік маршруттарда, демалыс үйлері мен туристік базалардың аумағына өртке қарсы тақырыптарға арналған, сол уақыттағы өрт қауіптілігі туралы ескертетін, мерзімді жаңартылып тұратын хабарландырулар ілінетін аншлагтарды орнатуды ұйымдастыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
ОжАШБ (келісім бойынша),
|
2007 жылғы қыркүйек, қазан |
5 |
Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігінің ережесінде регламенттелген жолақтар жыртуды және оларға күтім жасауды қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
ОжАШБ, ТРж ТПРД, ЖКжАЖБ |
2007 жылғы қыркүйек, қазан |
6 |
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың ормандарында өрттің алдын алу, олардың қауіптілігі және "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесінің" талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
ОжАШБ (келісім бойынша),
|
2007 жылғы қыркүйек - желтоқсан |
7 |
Орман мен дала өрттерін өшіруге және орман мен дала өрттерін өшіруге тартылатын күштер мен құралдарға басшылық жасауға қатысу |
Облыс әкіміне ақпарат |
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері |
2007 жылғы қыркүйек,
|
8 |
Мемлекеттік орман иеленушілердің орман өрттерін өшіру қызметтерін тәулік бойғы кезекшілікпен, өрт қауіптілігінің жоғары классы бойы дала алқаптарының аумақтарына тұрақты патруль жасаумен қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері,
|
2007 жылғы қыркүйек,
|
9 |
Елді мекендердің аумағына дала және орман өрттерінің ауысуын болғызбау мақсатымен елді мекендердің айналасында қорғаныстық- қоршау аймақтарын құру |
Облыс әкіміне ақпарат |
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері,
|
2007 жылғы қыркүйек, қазан |
10 |
Дала өрттерін өшіруге тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды тарту бойынша іс- шараларды әзірлеу |
Облыс әкіміне ақпарат |
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері |
2007 жылғы қыркүйек |
11 |
Облыстың барлық елді мекендерін тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері |
2007 жылғы қыркүйек |
12 |
Ірі азықтарды үю кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін орындауды қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ӨҚҚД (келісім бойынша), АШД |
2007 жылғы қыркүйек - желтоқсан |
13 |
Облыстың аудандарында авиациялық патруль жұмыстарын жүргізу үшін облыс бюджетінен қаржы бөлу туралы мәселені қарау |
Облыс әкіміне ақпарат |
ЭжБЖД |
2007 жылғы 14 қыркүйек |
Шығыс Қазақстан облысы
табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
департаментінің директоры
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ОжАШБ |
- ШҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы |
ТРжТПРД |
- ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті |
ЭжБЖД |
- ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті |
ІСД |
- ШҚО ішкі саясат департаменті |
ІІД |
- ШҚО ішкі істер департаменті |
ӨҚҚД |
- ҚР ТЖМ ӨҚҚК ШҚО бойынша өртке қарсы қызмет департаменті |
ЖКжАЖБ |
- ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
АШД |
- ШҚО ауыл шаруашылығы департаменті |