"Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 146 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5180 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 414 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.08.16 № 414 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен. 

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3779 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 16 тамызда N 149 жарияланған), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 461  бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5056 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2008 жылғы 27 ақпанда N 30 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесі:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Объектілерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге беруге дейін Объектілер кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
      Объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру Тендер өткізбей жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы                         Д. Ерғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады