Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.04.26 N 187 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ереженің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі N 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4673 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымдағы N 90 (1119) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта "оқу орындарының" деген сөздер "білім беру ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесінде:
1-тармақта "ішкі істер органдарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына (бұдан әрі - 110) бірінші рет қабылданатын үміткерлер нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерін атқаруға қажетті білім, іскерлік, дағды және мінез-құлық нормаларын жедел үйрену үшін арнайы алғашқы оқудан өтеді.";
2-тармақта "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында (бұдан әрі - ІІМ оқу орындары)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Алғашқы арнайы оқуға жіберу үшін ІІО-ға қызметке үміткерлерді іріктеуді және жеке істерін ресімдеуді ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) кадр аппараттары белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. ІІД іріктеу комиссияларының құрамына білім беру ұйымдарының өкілдері енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Алғашқы арнайы оқу үш ай сынақ мерзімімен тиісті лауазымдарға тағылымдамашы болып тағайындалған ІІО-ғы қызметке үміткерлер үшін жүргізіледі.
3-2. Алғашқы арнайы оқудан мыналар өтпейді:
бұрын ІІО-да қызмет атқарған және қызметке қайта қабылданған алғашқы арнайы оқудан өткенін растайтын құжаттар болған жағдайда;
бұрын Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында қызмет атқарғандар алғашқы арнайы оқудан өткенін растайтын құжаттар болған жағдайда;
әскери және арнайы оқу орындарын күндізгі нысан бойынша бітіргендер;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында бұрын қызмет атқарған (запастағы) офицерлер.";
4-тармақта "ішкі істер органдарының кадр аппараттары ІІМ-нің оқу орнына үміткердің жеке ісін қабылдау басталуынан" деген сөздер "ІІО-ның кадр аппараттары білім беру ұйымдарына үміткердің жеке ісін алғашқы арнайы оқу курстары басталуынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Ведомстволық білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен ІІО-ға үміткерлер арнайы алғашқы оқу курстарының тыңдаушылары қатарына қабылданады.
Бұйрықтан үзінді көшірмелер бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он күннен кешіктірілмей ІІД-нің кадр аппаратына жіберілуі тиіс.";
6-15-тармақтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-тармақтармен толықтырылсын:
"17-1. Тыңдаушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды олардың құрамын білім беру ұйымының бастығы бекітетін емтихан комиссиялары жүргізеді. Емтихан комиссияларының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, аумақтық ІІД қызметкерлері, білім беру ұйымының оқытушылар құрамының, Ардагерлер кеңесі және жұртшылық өкілдерінен құрылады.
17-2. Тыңдаушылар оқу жоспарының талаптарын орындамаған немесе білім беру ұйымының Жарғысын бұзған жағдайда олар білім беру ұйымының бастығының бұйрығымен тыңдаушылар қатарынан шығарылады.";
18-тармақта:
"Бітіру емтихандарын" деген сөздер "Емтихандарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"куәлік" деген сөз "сертификат" деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақта "ІІМ" деген сөздер "ІІО" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақта "ішкі істер органдарындағы" деген сөздер "ІІО-ғы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Ақанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Мұхаметжанов
"Келісемін"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы Ф. Қуанғанов
2008 жылғы 23 сәуір