Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының "Почта байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" 2005 жылы 1 шілдедегі N 210-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Респубикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 24 маусымдағы N 215 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5265 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      Почта байланысы қызметтерін көрсету тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының "Почта байланысы қызметтерін көрсету Ережелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 1-ші шілдедегі N 210-ө бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдерін тіркеу тізілімінде N 3783 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 21 қазанда N 195-196 (329-329) жарияланған, "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының "Почта байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 1 шілдедегі N 210-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының м.а. 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 460-ө бұйрығымен өзгерістер енгізілген, Мемлекеттік нормативтік-құқықтық кесімдерін тіркеу тізілімінде N 3979 тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 24 ақпанда N 33-34 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Почта қызметтерін көрсету ережесіне:

      23-тармақ ", егер оператормен және қызметті пайдаланушының арасында жасасқан шартпен өзгеше белгіленген болмаса" сөздерімен толықтырылсын;

      58-тармақтың 2) тармақшасы мына редакцияда баяндалсын:
      "2) соттар мен құқық қорғау органдарына, сондай-ақ әскери комиссариаттарға - шақыру қағаздары мен хабарламалар, олар алғандығы туралы тапсырысты хабарламамен, тапсырысты хаттың орамасында тиісті белгілермен қабылданады";

      65-тармақта "оператормен" сөзі "почта операторымен" сөздерімен алмастырылсын;

      90-тармақта:
      4) тармақшада "хабарлама түріне қарай - "Жай (тапсырысты)" сөздері " - "Тапсырысты" сөзімен алмастырылсын;
      5) тармақшада "Сот шақыруы. Тапсырысты хабарламамен" сөздері алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) сот шақыру қағазымен тапсырысты хаттарда - "Сот шақыруы. Тапсырысты хабарламамен;";

      98-тармақтың 5) тармақшасында "ішіне салынғандарының тізімдемесі жасалып" сөздері алып тасталсын;

      99-тармақта:
      1) тармақшада:
      "ішкі" сөздерінен кейін "хаттар мен" сөздерімен толықтырылсын;
      "рұқсат берілмеген" сөздері "тыйым салынған" сөздерімен алмастырылсын;
      3) тармақшада "сақтандыру" сөзі алып тасталсын;

      103-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "103. Егер жіберуші бір немесе бірнеше адреске бес немесе одан да көп тіркелетін почта жөнелтімін, почталық ақша аударымын жіберетін болса, онда ол почта операторы белгілеген нұсқамен тізім жасайды.";

      110-тармақтағы "жай немесе" сөздері алып тасталсын;

      112-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "2) тапсырысты почта жөнелтімдері ("М" қаптарынан басқа), сол санатта - салмағы бес жүз грамға дейінгі ұсақ пакеттер;";

      119-тармақта:
      6) тармақшада "ұсақ" сөзінің алдынан "салмағы бес жүз грамнан жоғары" сөздерімен толықтырылсын;
      екінші бөлігі мынадай редакцияда баяндалсын:
      "Кедендік төлем есептелген халықаралық почта жөнелтімдерін адресатқа табыстау осындай төлемді, сондай-ақ кедендік ресімдеу үшін кедендік алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      127-тармақтағы "почта" сөзінің алдынан "тіркелетін" сөзімен толықтырылсын;

      147-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "147. Тіркелетін почта жөнелтімдерін (тапсырысты хаттан басқа) өндірістік объектіде сақталған күндері үшін екінші рет хабарлама тапсырылған соң бір жұмыс күнінен кейін (тапсырылған күн есепке алынбайды) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша төлемақы алынады.
      Жіберушінің арызы бойынша почталық ақша аударымының, почта жөнелтімінің сақталу мерзімі (жеделдетілген және курьерлік почта жөнелтімдерінен басқа), сақталғаны үшін төлемақы алынумен 30 күнге ұзартылу мүмкін.
      "Талап етілгенге дейін" жолданған жай хаттардың сақталғандығы үшін төлемақы алынбайды.
      "Талап етілгенге дейін" жолданған тіркелген жөнелтімдерінің сақталғандығы үшін төлем адресаттан алынады, ал қайтарылған жағдайда белгіленген тариф бойынша жөнелтушіден алынады.";

      150-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Алушының мекен-жайын оқуға мүмкін болмаған (жуылған, үзілген) себептен қайтарылған почта жөнелтімдеріне төлем алынбайды.";

      153-тармақтың бесінші абзацында "сақтандыру" сөзі алып тасталсын;

      158-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Алғандығы туралы хабарламасыз жолданған тіркелетін почта жөнелтіміне іздеу салу үшін белгіленген тарифке сәйкес төлемақы алынады.".

      2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратовқа):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Агенттіктің құрылымдық бөлімдеріне және аумақтық органдарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А. Д. Бишиғаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                             Қ. Есекеев

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 1 июля 2005 года N 210-п "Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 24 июня 2008 года N 215. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июля 2008 года N 5265. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 июня 2012 года № 313

      Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 06.06.2012 № 313.

      В целях дальнейшего совершенствования порядка предоставления услуг почтовой связи ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 1 июля 2005 года N 210-п "Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3783, опубликованный 21 октября 2005 года в "Юридической газете" N 195-196 (329-329), внесены дополнения и изменения приказом и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 12 декабря 2005 года N 460-п "О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 1 июля 2005 года N 210-п "Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3979, опубликованным 24 февраля 2006 года в "Юридической газете" (N 33-34), следующие дополнения и изменения:

      в Правилах предоставления услуг почтовой связи, утвержденных указанным приказом:

      пункт 23 дополнить словами ", если иное не определено договором между оператором почты и пользователем услуг";

      подпункт 2) пункта 58 изложить в следующей редакции:
      "2) судебным и правоохранительным органам, а также военным комиссариатам - повестки и извещения, которые принимаются с заказным уведомлением о получении с соответствующими отметками на упаковке заказного письма;";

      пункт 65 после слова "оператором" дополнить словом "почты";

      в пункте 90:

      в подпункте 4) слова "и вид уведомления - "С простым (заказным)" заменить словами "С заказным";

      в подпункте 5) слова ", "Судебная повестка. С заказным уведомлением" исключить;

      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) на заказных письмах с вложением судебных повесток - "Судебная повестка. С заказным уведомлением";";

      в подпункте 5) пункта 98 слова "- с описью вложения" исключить;

      в пункте 99:

      в подпункте 1):
      после слова "внутренние" дополнить словами "письма и";
      слово "Неразрешенных" заменить словом "Запрещенных";

      в подпункте 3) слово "страховой" исключить;

      пункт 103 изложить в следующей редакции:
      "103. При сдаче регистрируемого почтового отправления, почтового перевода денег в количестве пяти и более отправлений в один или несколько адресов, отправителем составляются списки установленной оператором почты формы.";

      в пункте 110 слова "простым и" исключить;

      подпункт 2) пункта 112 изложить в следующей редакции:
      "2) заказные почтовые отправления (кроме мешков "М"), в том числе мелкие пакеты весом до пятисот грамм;";

      в пункте 119:

      подпункт 6) части первой дополнить словами "весом свыше пятисот грамм";

      часть вторую изложить в следующей редакции:
      "Выдача адресату международных почтовых отправлений, на которые начислены таможенные пошлины, осуществляется после оплаты данных пошлин, а также оплаты таможенного сбора за таможенное оформление.";

      пункт 127 после слова "получения" дополнить словом "регистрируемого";

      пункт 147 изложить в следующей редакции:
      "147. За хранение регистрируемых почтовых отправлений (кроме заказных писем) на производственном объекте более одного рабочего дня после вручения вторичного извещения (не считая дня вручения) с адресата взимается плата по тарифам, установленным в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      По заявлению пользователя срок хранения почтового перевода денег, почтового отправления, кроме отправлений ускоренной и курьерской почты, может быть продлен на 30 дней, с взиманием платы за хранение.
      Оплата за хранение простых писем, адресованных "До востребования", не производится.
      Оплата за хранение регистрируемых почтовых отправлений, адресованных "До востребования", взимается с адресата, а в случае его возврата - с отправителя в соответствии с установленными тарифами.";

      пункт 150 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Оплата за возврат почтовых отправлений по причине невозможности прочтения адреса получателя (смыт, оторван) не взимается.";

      в абзаце пятом пункта 153 слово "страховой" исключить;

      пункт 158 дополнить абзацем следующего содержания:
      "За розыск регистрируемого почтового отправления, пересылаемого без уведомления о получении, взимается плата в соответствии с установленными тарифами.".

      2. Департаменту связи Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи (далее - Агентство) (Баймуратову А.Е.):

      1) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование в средствах массовой информации;

      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Заместителя Председателя Агентства Бишигаева А.Д.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель                               К. Есекеев