Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.
Почта байланысы қызметтерін көрсету тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының "Почта байланысы қызметтерін көрсету Ережелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 1-ші шілдедегі N 210-ө бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдерін тіркеу тізілімінде N 3783 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 21 қазанда N 195-196 (329-329) жарияланған, "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының "Почта байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 1 шілдедегі N 210-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының м.а. 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 460-ө бұйрығымен өзгерістер енгізілген, Мемлекеттік нормативтік-құқықтық кесімдерін тіркеу тізілімінде N 3979 тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 24 ақпанда N 33-34 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Почта қызметтерін көрсету ережесіне:
23-тармақ ", егер оператормен және қызметті пайдаланушының арасында жасасқан шартпен өзгеше белгіленген болмаса" сөздерімен толықтырылсын;
58-тармақтың 2) тармақшасы мына редакцияда баяндалсын:
"2) соттар мен құқық қорғау органдарына, сондай-ақ әскери комиссариаттарға - шақыру қағаздары мен хабарламалар, олар алғандығы туралы тапсырысты хабарламамен, тапсырысты хаттың орамасында тиісті белгілермен қабылданады";
65-тармақта "оператормен" сөзі "почта операторымен" сөздерімен алмастырылсын;
90-тармақта:
4) тармақшада "хабарлама түріне қарай - "Жай (тапсырысты)" сөздері " - "Тапсырысты" сөзімен алмастырылсын;
5) тармақшада "Сот шақыруы. Тапсырысты хабарламамен" сөздері алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) сот шақыру қағазымен тапсырысты хаттарда - "Сот шақыруы. Тапсырысты хабарламамен;";
98-тармақтың 5) тармақшасында "ішіне салынғандарының тізімдемесі жасалып" сөздері алып тасталсын;
99-тармақта:
1) тармақшада:
"ішкі" сөздерінен кейін "хаттар мен" сөздерімен толықтырылсын;
"рұқсат берілмеген" сөздері "тыйым салынған" сөздерімен алмастырылсын;
3) тармақшада "сақтандыру" сөзі алып тасталсын;
103-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"103. Егер жіберуші бір немесе бірнеше адреске бес немесе одан да көп тіркелетін почта жөнелтімін, почталық ақша аударымын жіберетін болса, онда ол почта операторы белгілеген нұсқамен тізім жасайды.";
110-тармақтағы "жай немесе" сөздері алып тасталсын;
112-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
"2) тапсырысты почта жөнелтімдері ("М" қаптарынан басқа), сол санатта - салмағы бес жүз грамға дейінгі ұсақ пакеттер;";
119-тармақта:
6) тармақшада "ұсақ" сөзінің алдынан "салмағы бес жүз грамнан жоғары" сөздерімен толықтырылсын;
екінші бөлігі мынадай редакцияда баяндалсын:
"Кедендік төлем есептелген халықаралық почта жөнелтімдерін адресатқа табыстау осындай төлемді, сондай-ақ кедендік ресімдеу үшін кедендік алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.";
127-тармақтағы "почта" сөзінің алдынан "тіркелетін" сөзімен толықтырылсын;
147-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"147. Тіркелетін почта жөнелтімдерін (тапсырысты хаттан басқа) өндірістік объектіде сақталған күндері үшін екінші рет хабарлама тапсырылған соң бір жұмыс күнінен кейін (тапсырылған күн есепке алынбайды) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша төлемақы алынады.
Жіберушінің арызы бойынша почталық ақша аударымының, почта жөнелтімінің сақталу мерзімі (жеделдетілген және курьерлік почта жөнелтімдерінен басқа), сақталғаны үшін төлемақы алынумен 30 күнге ұзартылу мүмкін.
"Талап етілгенге дейін" жолданған жай хаттардың сақталғандығы үшін төлемақы алынбайды.
"Талап етілгенге дейін" жолданған тіркелген жөнелтімдерінің сақталғандығы үшін төлем адресаттан алынады, ал қайтарылған жағдайда белгіленген тариф бойынша жөнелтушіден алынады.";
150-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Алушының мекен-жайын оқуға мүмкін болмаған (жуылған, үзілген) себептен қайтарылған почта жөнелтімдеріне төлем алынбайды.";
153-тармақтың бесінші абзацында "сақтандыру" сөзі алып тасталсын;
158-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Алғандығы туралы хабарламасыз жолданған тіркелетін почта жөнелтіміне іздеу салу үшін белгіленген тарифке сәйкес төлемақы алынады.".
2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратовқа):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Агенттіктің құрылымдық бөлімдеріне және аумақтық органдарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А. Д. Бишиғаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Есекеев