"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 14 қарашадағы N 349-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 11 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5403 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 25.04.2013 № 130-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2438 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 6 қыркүйекте N 36 нөмірінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2607 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 52 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 270-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3600 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 20 қаңтарда N 8-9 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4162 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 21 сәуірде N 71-72 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурызда N 78-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4279 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 19 шілдеде N 132 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 156-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4377 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 15 қыркүйекте N 166 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 14 тамыздағы N 203-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ережеде:
       7-1-тармақтың бірінші бөлігі "Табиғи монополия субъектісіне" деген сөздердің алдынан " Шығыстарға бағытталған, тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген субсидияларды қоспағанда, " деген сөздермен толықтырылсын;
       10-тармақ алып тасталсын;
       11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізіледі.";
       12-тармақта :
      бірінші бөліктегі "құзыретті органның оларды жүргізу қажеттілігін құжатты техникалық растауы бар болғанда" деген сөздер "уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
       13-тармақта :
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Субъекті қызметкерлерінің еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе жергілікті атқару органымен келісім бойынша құзыретті орган бекітеді.";
      сегізінші бөлік алып тасталсын;
       15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізуін келіседі.";
       17-тармақ алып тасталсын;
       19-тармақта :
      бірінші бөліктегі "келісілген және" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
       22-тармақта :
      бірінші бөлікте:
      "әкімшілік шығынының нақты құрамына" деген сөздер "қызметіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) іске асыру көлемдерін кеміткен және" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "Жалпы шаруашылық және әкімшілік шығыстарды тұтынушылардың баға индексінен жоғары арттыру, сондай-ақ оларға әкімшілік басқару жүйесі мен қаражаттарын құру және жетілдіру жөніндегі шығыстарды енгізуге" деген сөздер "Кезең шығыстарына әкімшілік басқару жүйесі мен қаражаттарын құру және жетілдіру жөніндегі шығыстарды енгізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
       23-тармақтың бірінші бөлігінде:
      "іссапарлық шығыстары," деген сөздерден кейін "және байланыс қызметінің шығыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
      "байланыстың қымбат түрлеріне," деген сөздер алып тасталсын;
       25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алым ставкасының) жобаларына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады және жүргізілген сараптама негізінде түзету жүргізеді.";
       26-тармақтың бірінші бөлігінде:
      "жүзеге асырылуы мүмкін" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын ;
      "Кәсіпорынның" деген сөз алып тасталсын;
       27-тармақ алып тасталсын;
       28-тармақтың отыз үшінші абзацтағы "ұсыныстар" деген сөзден кейін "(реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                               Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      ___________ Б. Сапарбаев
      2008 жылғы 20 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады