Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабы , 5) тармақшасына сәйкес және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының толық жұмыс істеуі үшін Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде қажетті қуат резервінің жоқтығын ескере отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 269 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 5044 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 (1404) Заң газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) 3-тармақта "2008 жылы" деген сөздер "2008-2009 жылдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережесінде:
11-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаменті (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және одан ары қарай ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Мыңбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің төрағасы
________________Н. Алдабергенов
2008 жылғы 26 желтоқсан