"Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 269 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 314 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5481 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 124 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабы , 5) тармақшасына сәйкес және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының толық жұмыс істеуі үшін Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде қажетті қуат резервінің жоқтығын ескере отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 269 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 5044 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 (1404) Заң газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1) 3-тармақта "2008 жылы" деген сөздер "2008-2009 жылдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережесінде:
      11-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаменті (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және одан ары қарай ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                           С. Мыңбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды
      реттеу агенттігінің төрағасы
      ________________Н. Алдабергенов
      2008 жылғы 26 желтоқсан

О внесении изменения в приказ и.о. Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 269 "Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии"

Приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года N 314. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 января 2009 года N 5481. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 16 апреля 2013 года № 124

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра индустрии и новых технологий РК от 16.04.2013 № 124.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" и учитывая отсутствие в Единой электроэнергетической системе Казахстана необходимых резервов мощности для полноценного функционирования балансирующего рынка, ПРИКАЗЫВАЮ :
      1. Внести в приказ и.о. Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 269 "Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 5044, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 11 января 2008 года № 4 (1404), следующее изменение:
      1) в пункте 3 слова "в 2008 году" заменить словами "в 2008-2009 годах";
      2) в Правилах функционирования балансирующего рынка электрической энергии, утвержденных указанным приказом:
      подпункт 5) пункта 11 исключить.
      2. Департаменту развития электроэнергетики и угольной промышленности Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (Бертисбаев Н.Б.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и последующее его опубликование в официальных средствах массовой информации.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Министр                                      С. Мынбаев

      СОГЛАСОВАН:
      Председатель Агентства
      Республики Казахстан
      по регулированию естественных
      монополий
      _____________ Н. Алдабергенов
      26 декабря 2008 года