Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.05.2022 № А-5/222 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.12 № А-4/113; 07.12.2015 № А-12/562 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.1. Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары негізінде 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қатаркөл, Шучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзені су қорғау аймақтарының және су қорғау белдеулерінің шаруашылыққа пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің нормаларына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.09.03 № А-10/424 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N а-2/54 қаулысына 1-қосымша |
Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
р/с № | Су объектісінің атауы | Су айдынының ауданы, ш.км | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||
ені метрмен | ауданы ш.км | ені метрмен | ауданы ш.км | |||
1 | Қатаркөл көлі | 4,5 | 500 | 5,5 | 35-100 | 0,64 |
2 | Щучье көлі | 16,11 | 500 | 9,482 | 35-100 | 1,165 |
3 | Кіші Шабақты көлі | 18,45 | 500 | 12,20 | 35-90 | 1,47 |
4 | Үлкен Шабақты | 21,37 | 500 | 12,75 | 35-100 | 2,22 |
5 | Бурабай көлі | 10,00 | 500 | 7,089 | 35-100 | 0,741 |
6 | Жөкей көлі | 19,51 | 500 | 2,234 | 35-75 | 0,195 |
7 | Нұра өзені | 18,44 | 1000 | 571,29 | 35-100 | 40,66 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N а-2/54 қаулысына 2 қосымша |
Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің суды қорғайтын аймақтары мен суды қорғайтын белдеулерінде шаруашылыққа пайдалану тәртібі
Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.09.03 № А-10/424 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қысқарған сөздердің толық атаулары:
ш. км - шаршы километр