Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/113 қаулысы. Ақмола облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 11 мамырда № 3357 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.05.2022 № А-5/222 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда "Арқа Ажары" газетінде және 2007 жылғы 10 сәуірде "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспеде "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөздермен толықтырылсын;

      1-тармағында "Щучье" сөзі "Бурабай" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3241 тіркелген, 2008 жылғы 4 наурызда "Арқа Ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      кіріспеде "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын.

      3. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 21.07.2021 № А-7/356 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады