Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен.
____________________________________
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптары, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының шараларын жүзеге асыру туралы қаулысына сәйкес, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласының кәсіпорындарына қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздар үшін ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, ұйымдардың ұсынылған тізбесі бекітілсін.
2. Бекітілген қоғамдық жұмыстарды тәртіп бойынша өткізу үшін қалалық мемлекеттік мекемелерге, кәсіпорындарға "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қажет шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі, жағдайы көрсетілген еңбек шартына сәйкес жұмыссыздардың жұмысқа қабылдануларын жүзеге асырсын.
Ескерту. Өзгерту енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N А-3/418 қаулысымен.
3. Қалалық мемлекеттік мекемелерге және кәсіпорындарына қоғамдық жұмыстарға орналасқан кейбір азаматтарға (әйелдер, 18 жасқа дейінгі жастар, мүгедектер) жұмыс істеген уақыты мен көлеміне толық ақы төлей отырып, жұмыс уақытын ұйымдастырудың өзге де икемді түрлерін қарастыру ұсынылсын.
4. "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тапсырма талабы мен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде ұйымдардың өтініштеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды өтінімдер бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру үшін жолдама берсін.
5. "Көкшетау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу шараларына бюджет қаражатында осы мақсаттарға сәйкес қарастырылған жалпы сомасы 28258000 (жиырма сегіз миллион екі жүз елу сегіз мың) теңгемен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
6. 2007 жылғы 15 ақпанда N 7 "Көкшетау" және 2007 жылғы 15 ақпандағы N 7 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған, Көкшетау қаласының әділет басқармасында
N 1-1-55 болып тіркелген 2007 жылғы 25 қаңтардағы N А-1/79 "2007 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З.Жұпыновқа жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ескерту. 9 тармақпен толықтырылды - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N А-3/418 қаулысымен; Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N A-7/1075
Қала әкімі
Қосымша
2008 жылғы 11 қаңтардағы
№N А-1/19 Көкшетау қаласы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N А-2/289 қаулысымен; Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N A-7/1075
Көкшетау қаласының жұмыссыздары үшін ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрі және ұйымдардың тізбесі
N |
Ұйымдар |
Жұмыстың |
Адам- |
Бір |
Қаржы- |
1. |
Көкшетау қаласы- |
Ықшам аудандар- |
50 80 16 40 |
12025 12025 12025 |
Қалалық Қалалық Қалалық |
2. |
"Көкшетау қаласы |
Құжаттарды |
14 14 16 |
12025 12025 12025 |
Қалалық Қалалық Қалалық |
3. |
Көкшетау қаласы- |
"Консьержи"» пилоттық бағдарламасы |
25 16 |
12025 12025 |
Қалалық |
4. |
Көкшетау қаласы- |
Құжаттарды өңдеуге көмек |
14 8 7 14 14 |
12025 12025 12025 12025 12025 |
Қалалық |
5. |
"Көкшетау қала- "Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты"» мемлекеттік мекемесі |
Объектілерді жөндеу жұмысы: сылақ жұмыста- |
80 10 12 |
12025 12025 12025 |
Қалалық |
6. |
Көкшетау қаласының ауруханалары |
Аумақтарды жинау және аббаттандыру |
20 |
12025 |
Қалалық |