Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңынбасшылыққа ала отырып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) (2008 жылы 21 ақпанда N 9 "Көкшетау", 2008 жылы 21 ақпанда N 9 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-77 болып тіркелген "Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N А-1/19 "2008 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N А-2/289 қаулысына өзгеріс енгізілген", 2008 жылы 31 қаңтарда N 5 "Көкшетау", 2008 жылы 31 қаңтарда N 5 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған, Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-73 болып тіркелген) Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N А-1/19 "2008 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулылардағы
-2 тармақтағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
- "Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін" деген 9 тармақпен толықтырылсын.
2) (2008 жылы 31 қаңтарда №5 "Көкшетау", 2008 жылы 31 қаңтарда N 5 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған, Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-75 болып тіркелген) Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N А-1/18 "Нысанды топтың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулыдағы
-2 тармақтағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын
- "Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін" деген 8 тармақпен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялау сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі