2008 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N А-1/19 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 21 қаңтарда N 1-1-73 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен.
____________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптары, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының шараларын жүзеге асыру туралы қаулысына сәйкес, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласының кәсіпорындарына қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздар үшін ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, ұйымдардың ұсынылған тізбесі бекітілсін.
      2. Бекітілген қоғамдық жұмыстарды тәртіп бойынша өткізу үшін қалалық мемлекеттік мекемелерге, кәсіпорындарға "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қажет шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі, жағдайы көрсетілген еңбек шартына сәйкес жұмыссыздардың жұмысқа қабылдануларын жүзеге асырсын.
      Ескерту. Өзгерту енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N А-3/418 қаулысымен.
      3. Қалалық мемлекеттік мекемелерге және кәсіпорындарына қоғамдық жұмыстарға орналасқан кейбір азаматтарға (әйелдер, 18 жасқа дейінгі жастар, мүгедектер) жұмыс істеген уақыты мен көлеміне толық ақы төлей отырып, жұмыс уақытын ұйымдастырудың өзге де икемді түрлерін қарастыру ұсынылсын.
      4. "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тапсырма талабы мен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде ұйымдардың өтініштеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды өтінімдер бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру үшін жолдама берсін.
      5. "Көкшетау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу шараларына бюджет қаражатында осы мақсаттарға сәйкес қарастырылған жалпы сомасы 28258000 (жиырма сегіз миллион екі жүз елу сегіз мың) теңгемен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      6. 2007 жылғы 15 ақпанда N 7 "Көкшетау" және 2007 жылғы 15 ақпандағы N 7 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған, Көкшетау қаласының әділет басқармасында
N 1-1-55 болып тіркелген 2007 жылғы 25 қаңтардағы N А-1/79 "2007 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З.Жұпыновқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
     Ескерту. 9 тармақпен толықтырылды - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N А-3/418 қаулысымен; Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N A-7/1075

      Қала әкімі

         Қосымша           
                            2008 жылғы 11 қаңтардағы   
                 №N А-1/19 Көкшетау қаласы   
әкімдігінің қаулысымен    
бекітілген         

       Ескерту. Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N А-2/289 қаулысымен; Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N A-7/1075

        Көкшетау қаласының жұмыссыздары үшін ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрі және ұйымдардың тізбесі

N
р/с

Ұйымдар

Жұмыстың
түрлері және
көлемі

Адам-
дар
саны

Бір
адамға
айлық
жалақы
көлемі

Қаржы-
лан-
дыру
көзі

1.

Көкшетау қаласы-
ның әкімдігі жа-
нындағы шаруашы-
лық жүргізу құ-
қығындағы "Ава-
риялық-жөндеу
қызметі" мемле-
кеттік коммунал-
дық кәсіпорны.
Көкшетау қаласы-
ның әкімдігі жа-
нындағы шаруашы-
лық жүргізу құқығындағы
"Тазалық" мемле-
кеттік коммунал-
дық кәсіпорны.
Көкшетау қаласы-
ның әкімдігі жа-
нындағы шаруашы-
лық жүргізу құ-
қығындағы "Қызыл
Жар" мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорны.
Көкшетау қаласы-
ның әкімдігі жа-
нындағы шаруашы-
лық жүргізу құқығындағы
"Көкшетау Су
Арнасы" мемле-
кеттік коммунал-
дық кәсіпорны

Ықшам аудандар-
ды ағымдағы
ұстау:
гүлзарларды,
скверлерді орталық
көшелерді,
ықшам
аудандарды күн сайын санитар-
лық тазалау,
жиектастарды
ақтау және та-
залау, гүлзар-
ларды қию, кө-
шелердің бұры-
лыстарын қар
мен мұздақтар-
дан тазалау,
ағаштарды қию,
қоқыстарды
жинау, өндіріс-
тік жайды жинау

50

      80

      16

   40

12025

      12025

      12025

Қалалық
бюджет

    Қалалық
бюджет
 

     Қалалық
бюджет

2.

"Көкшетау қаласы
әкімінің аппара-
ты" мемлекеттік
мекемесі "Көкше-
тау қаласының
Красный Яр село-
лық округі әкі-
мінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
"Көкшетау қала-
сының Станцион-
ный поселкесі
әкімінің аппара-
ты" мемлекеттік
мекемесі

Құжаттарды
электрондық
форматқа өңдеу
Шаруашылық бой-
ынша есепке алу
және тіркеу,
әлеуметтік кар-
таларды толты-
ру, құжаттарды
өңдеу, санитар-
лық тазалау

14
 

   14

    16

12025
 

   12025

    12025

Қалалық
бюджет

Қалалық
бюджет

  Қалалық
бюджет

3.

Көкшетау қаласы-
ның ішкі істер
басқармасы Көк-
шетау қаласының
ішкі істер бас-
қармасының көші-
қон полиция
бөлімі

"Консьержи"» пилоттық бағдарламасы
электронды нысандағы құжаттарды өңдеу, кіріс
және шығыс құжаттарды енгізу және тіркеу

25
 

  16

12025
 

  12025

Қалалық
бюджет

4.

Көкшетау қаласы-
ның әділет бас-
қармасы Көкшетау
қаласының проку-
ратурасы" Көкше-
тау қаласының
жер қатынастары
бөлімі" мемле-
кеттік мекемесі
"Көкшетау қала-
сының сәулет және қала құры-
лысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Көкшетау қала-
сының тұрғын
үй-коммуналдық
шаруашылығы,
жолаушылар көлі-
гі және автомо-
биль жолдары
бөлімі"»мемле-
кеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеуге көмек
жасау және тәр-
тіпке келтіру,
сұраныс хаттар-
ды басу, құжат-
тарды тіркеу
және тігу

14
 

  8

7

   14

   14

12025
 

  12025

12025

   12025

   12025

Қалалық
бюджет

5.

"Көкшетау қала-
сының білім
бөлімі" мемле-
кеттік мекемесі
"Көкшетау қала-
сының мәдениет
және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі
 

  "Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты"» мемлекеттік мекемесі

Объектілерді жөндеу жұмысы: сылақ жұмыста-
ры, сырлау, жайларды құры-
лыс қоқыстары-
нан тазалау
және құжаттар-
ды өңдеуге,
кітапхана қорын
қалпына келті-
руге көмек
жасау
Азаматтардың сұрау хаттары
бойынша мұрағат
анықтамаларын
орындау:
мұрағат қойма-
ларынан құжат-
тарды тиеу және
түсіріп тасу,
мұрағат анықта-
маларын әзірлеу

80

  10

       12

12025

  12025

       12025

Қалалық
бюджет

6.

Көкшетау қаласының ауруханалары

Аумақтарды жинау және аббаттандыру

20

12025

Қалалық
бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады