Ескерту. Күші жойылды - Көкшетау қаласы әкімінің 2008.12.12 N 27 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының, 1 тармағы, 13 тармақшасына және 2006 жылдың 5 мамырындағы Қазақстан Республикасының N 371 "Қазақстан Республикасында әскерге шақырылушыларды және әскери міндеттілерді есепке алуын жүргізу тәртібі жөнінде ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес, әскери есепке азаматтарды қабылдау, олардың санын, денсаулық жағдайын және әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, физикалық дайындық деңгейін анықтау, шақырылушыларды алдын ала тағайындау, әскери оқу орындарына түсуші және әскери – техникалық мамандарды дайындауға үміткерлерді іріктеу мақсатында, қала әкімі ШЕШТІ:
1. "Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 2009 жылдың 12 қаңтарынан 31 наурызға дейін осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу өткізсін.
2. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың тұрғын үй пайдалану ұйымдарының меншік нысаны мен бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, білім ұйымдарының басшылары:
1) белгіленген нысанда шақыру учаскесіне тіркеуге тиісті 1992 жылы туған жасөспірімдердің тізімін "Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұсынсын;
2) шақыру алдындағыларды есепке қоюмен байланысты міндеттерін орындау үшін азаматтарды қажетті уақытта, жұмыс орны мен лауазымын сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.
3. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін:
1) офтальмолог, психиатр, отоларинголог, невропатолог, терапевт, стоматолог, хирург, дерматолог, рентгенолог дәрігер-мамандары және 8 медбике бөлінсін;
2) "Қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны электрокардиограмма, қан сараптауы, микрореакциялар, қан тобын айқындау, зәр сараптауы анализдарды өткізу бойынша қажетті құралдармен, мүліктермен және мүкәммалмен медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
3)тіркелуге тиіс азаматтарды флюорографиялық тексерістен өткізсін;
4) қалалық ауруханада азаматтарды стационарлық байқаудан өткізу үшін мақсаты белгіленген 15 кереует орын бөлінсін.
4. "Көкшетау қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы және білім ұйымдарының директорлары тіркелуге тиіс оқушыларға қажетті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етіп белгіленген күні және сағатта алғашқы әскери дайындық мұғалімі мен медицина қызметкерлерінің ілесуімен "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұйымдасып келуді қамтамасыз етсін.
5. "Көкшетау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес тіркеу өткізуге уақытында қаржымен қамтамасыз етсін.
6. "Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша):
1) әскери тіркелуден жалтарған тұлғаларды іздестіріп ұстап әкелсін;
2) комиссия жұмысы кезінде шақырту пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
7. Көкшетау қаласы әкімінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 35
"Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде N 1-1-71 тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтарда N 3 "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
8. Осы шешім Көкшетау қаласы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
9.Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
Қала әкімі Б.Сапаров