"Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Көкшетау қаласы әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 27 шешімі. Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 желтоқсанда N 1-1-93 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2009.12.24 № 44 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы, 13 тармақшасына сәйкес және 2006 жылдың 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының № 371 "Қазақстан Республикасында әскерге шақырылушыларды және әскери міндеттілерді есепке алуын жүргізу тәртібі жөнінде ережені бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, әскери  есепке азаматтарды қабылдау, олардың санын, денсаулық жағдайын және әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, физикалық дайындық деңгейін анықтау,  шақырылушыларды алдын ала тағайындау, әскери оқу орындарына түсуші және әскери – техникалық мамандарды дайындауға үміткерлерді іріктеу мақсатында, қала әкімі ШЕШТІ:

      1. "Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтарында,  наурызында осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу өткізсін.

      2. Ауылдық, селолық округтерінің, кент әкімдері, меншік нысаны мен бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, білім ұйымдарының басшылары:
      1) алынып тасталды.
      2) шақыру алдындағыларды есепке қоюмен байланысты міндеттерін орындау үшін азаматтарды қажетті уақытта, жұмыс орны мен лауазымын  сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.
      3) тіркелуге тиіс оқушыларға және әскери-оқу орындарына түсушілерге хабар беруге, қажетті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етіп белгіленген күні және сағатта жауапты адамдардың ілесуімен "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұйымдасып келуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қала әкімінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімімен.

      3. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін:
      1) тіркеуге жататын азаматтарды медициналық сараптамадан өткізуге дәрігер-мамандар және медбике бөлінсін;
      2) қалалық ауруханада азаматтарды стационарлық байқаудан өткізу  үшін мақсаты белгіленген 15 кереует орын бөлінсін.

      4. "Қалалық емхана" (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны медициналық тексеріс өткізу үшін қажетті құралдармен, мүліктермен және мүкәммалмен медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;

      5. "Көкшетау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес тіркеу өткізуге уақытында қаржымен қамтамасыз етсін.

      6. "Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша):
      1) әскери тіркелуден жалтарған тұлғаларды іздестіріп ұстап әкелсін;
      2) комиссия жұмысы кезінде шақырту пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.

      7. Көкшетау қаласы әкімінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 21 "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік  мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер  азаматтарды тіркеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-1-92 тіркелген, 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 51 "Көкшетау", "Степной маяк" газеттерінде жарияланған) күшін жойылды деп танылсын.

      8. Осы шешім Көкшетау қаласы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.

      Қала әкімі                                   Б.Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақмола облыстық денсаулық сақтау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                      В.П.Маджуга

      "Көкшетау қаласының білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы              Х.Х.Ғазизов

      "Көкшетау қаласы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы             А.А.Фидченко

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      Министрлігі Көкшетау қаласы Ішкі
      істер басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                         Қ.Ж.Айтқожин

      "Көкшетау қаласының Қорғаныс істері
      жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                         О.Б.Айтқазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады