"Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 35 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 29 желтоқсанда N 1-1-71 тіркелді. Күші жойылды - Көкшетау қаласы әкімінің 2008 жылғы 6 қарашадағы N 21 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Көкшетау қаласы әкімінің 2008.11.6 N 21 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскериміндеттілік және әскери қызмет туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, әскери есепке азаматтарды қабылдау, олардың санын, денсаулық жағдайын және әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, физикалық дайындық деңгейін анықтау, шақырылушыларды алдын ала тағайындау, әскери оқу орындарына түсуші және әскери - техникалық мамандарды дайындауға үміткерлерді іріктеу мақсатында, қала әкімі ШЕШТІ:
      1. "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 2008 жылдың 10 қаңтарынан 31 наурызға дейін осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу өткізсін.
      2. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың тұрғын үй пайдалану ұйымдарының меншік нысаны мен бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, білім ұйымдарының басшылары:
      1) белгіленген нысанда шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті 1991 жылы туған жасөспірімдердің тізімін "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұсынсын;
      2) шақыру алдындағыларды есепке қоюмен байланысты міндеттерін орындау үшін азаматтарды қажетті уақытта, жұмыс орны мен лауазымын сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.
      3. "Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін:
      1) офтальмолог, психиатр, отоларинголог, невропатолог, терапевт, стоматолог, хирург, дерматолог, рентгенолог дәрігер-мамандары және 8 медбике бөлінсін;
      2) "Қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны электрокардиограмма, қан сараптауы, микрореакциялар, қан тобын айқындау, зәр сараптауы анализдарды өткізу бойынша қажетті құралдармен, мүліктермен және мүкәммалмен медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
      3) тіркелуге тиіс азаматтарды флюорографиялық тексерістен өткізсін;
      4) қалалық ауруханада азаматтарды стационарлық байқаудан өткізу үшін мақсаты белгіленген 15 кереует орын бөлінсін.
      4. "Көкшетау қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы және білім ұйымдарының директорлары тіркелуге тиіс оқушыларға қажетті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етіп белгіленген күні және сағатта алғашқы әскери дайындық мұғалімі мен медицина қызметкерлерінің ілесуімен "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұйымдасып келуді қамтамасыз етсін.
      5. "Көкшетау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, қалалық бюджет жазбасы мен бекітілген шығындар сомасына тіркеу үшін ақшалай қаржы бөлсін.
      6. "Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы"»мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша):
      1) әскери тіркелуден жалтарған тұлғаларды іздестіріп ұстап әкелсін;
      2) комиссия жұмысы кезінде шақырту пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      7. "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2008 жылдың 10 сәуірінде қала әкіміне тіркеу өткізу нәтижесі туралы ақпарат ұсынсын.
      8. Осы шешім Көкшетау қаласы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З.Жұпыновқа жүктелсін.

      Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады