Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.08.2013 № 152 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 17, 18, 19, 20 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда N 3193 тіркелген 2007 жылғы 5 қаңтарда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 1-2 жарияланған 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне (Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 27 шілдеде N 3224 тіркелген 2007 жылғы 2 тамызда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 95-96 жарияланған 2007 жылғы 11 шілдедегі N 376, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда N 3231 тіркелген 2008 жылғы 4 қаңтарда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 1-2 жарияланған 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 25, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 10 сәуірде N 3247 тіркелген 2008 жылғы 17 сәуірде "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 45-46 жарияланған 2008 жылғы 26 наурыздағы N 53 шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды еске ала отырып), мынадай толықтырулармен өзгерістер енгізілсін:
1) "Жеңілдіктер беру туралы" шешімнің 1 тармағында, шешімнің Қосымшасының атауында және 1 тармағында "апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға" деген сөздерінен кейін "азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынаулардың мүгедектеріне" деген сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат Облыстық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
Ғ. НҰРЫШЕВ А. ЕСІРКЕПОВ