Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 25 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 26 желтоқсанда N 3231 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 14 тамыздағы № 152 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.08.2013 № 152 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 17181920 баптарына сәйкес  облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда N 3193 тіркелген 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне (Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 27 шілдеде N 3224 тіркелген облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 шілдедегі N 376 шешімімен енгізілген толықтыруларды еске ала отырып), мынадай толықтырулар енгізілсін:
      "Жеңілдіктер беру туралы" шешімнің 1 тармағында, шешімнің Қосымшасының атауында және 1 тармағында "қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына" деген сөздерінен кейін "1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға" деген сөздерімен толықтырылсын.
      Қосымшаның 3 тармағы "1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер 50 пайыз мөлшерінде (өтеледі) беріледі" деген абзацпен толықтырылсын.
      2. Осы шешім Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыстық мәслихат           Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы               хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады