РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 15.08.2014 № 296 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.12.2015 № 473 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).
1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және қосымшаға сәйкес облыстық бюджет есебінен жиырма бес пайыз жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемені алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі анықталсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 15.08.2014 № 296 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ Ақтөбе облысының мәслихатына аталған Тізбені келісу үшін ұсынсын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 15.08.2014 № 296 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е.Сағындықов |
Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 қаулысына қосымша |
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және облыстық бюджет есебінен жиырма бес пайыз жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемені алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 24.09.2008 № 335 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.08.2014 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.№ | Лауазымдар атауы |
---|---|
Денсаулық сақтау саласы мамандарының лауазымдары: | |
1 | Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші) |
2 | Бөлімшенің, зертхананың басшысы |
3 | Барлық мамандықтағы дәрігерлер |
4 | Акушер |
5 | Тәрбиеші |
6 | Емдәм бикесі |
7 | Тіс дәрігер |
8 | Тіс технигі |
9 | Медициналық бике |
10 | Медициналық статистик |
11 | Медициналық зертханашы |
12 | Провизор |
13 | Психолог |
14 | Рентген зертханашысы |
15 | Фельдшер |
16 | Дәріхана меңгерушісі |
17 | Барлық мамандықтағы мұғалімдер |
18 | Нұсқаушы (емдік дене шынықтыру, еңбек терапия) |
19 | Фармацевт |
Санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет саласы мамандарының лауазымдары: | |
1 | Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы филиалының басшысы |
2 | Барлық мамандықтағы дәрігерлер |
3 | Фельдшер (зертханашы) |
4 | Зертханашы |
5 | Дезинфектор-нұсқаушы |
Білім беру саласы мамандарының лауазымдары: | |
1 | Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдер |
2 | Кәсіптік лицейдің (мектептің), колледждің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдарының директоры |
3 | Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры |
4 | Балалар үйінің, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернатының, балалар мен жасөспірімдердің панаханасының директоры |
5 | Кәсіптік лицейінің (мектеп), колледжінің, балалар үйінің, арнаулы түзеу ұйымының және барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдарының оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие, оқу-өндірістік жұмысы, бейінді оқыту жөніндегі директорының орынбасары, директордың (басшының) ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары |
6 | Шығармашылық шеберханасының басшысы (білім беру ұйымдарында) |
7 | Дене тәрбиесінің басшысы (білім беру ұйымдарында) |
8 | Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы, басшысы (оқу мекемесіндегі әскери жетекші) |
9 | Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие жұмысы мен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарындағы бөлімінің меңгерушісі |
10 | Білім беру ұйымдарындағы оқу бөлімінің меңгерушісі |
11 | Психологиялық-педагогикалық кабинет меңгерушісі |
12 | Лагерь бастығы (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектептік, еңбек және демалыс) |
13 | Аға әдістемеші, әдістемеші |
14 | Кітапхана меңгерушісі |
15 | Кітапханашы |
16 | Педагог-психолог |
17 | Әлеуметтік педагог |
18 | Логопед мұғалімі |
19 | Ұйымдастырушы педагог |
20 | Қосымша білім беру педагогы |
21 | Дефектолог мұғалімі |
22 | Аға оқытушы, колледж, училище оқытушысы |
23 | Аға тәрбиеші, тәрбиеші |
24 | Аға шебері, өндірістік оқу шебері |
25 | Оқу-тәрбие жұмысы мен тікелей айналысатын музыкалық жетекші, аккомпониатор, концертмейстер, |
26 | Еңбек, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы |
27 | Педиатр дәрігері |
28 | Медициналық бике |
29 | Емдәм бикесі |
30 | Аға жетекші, жетекші |
31 | Хореограф |
32 | Зертханашы |
33 | Мәдени ұйымдастырушысы |
34 | Көркемдік жетекшісі |
35 | Бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман |
36 | Интернат меңгерушісі |
Дене тәрбиесі және спорт мамандарының лауазымдары: | |
1 | Директор |
2 | Оқу жұмысы жөніндегі директорының орынбасары |
3 | Нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші (әдістемеші) |
4 | Дәрігер |
5 | Медициналық бике |
6 | Психолог |
7 | Аға жаттықтырушы, жаттықтырушы |
Мәдениет мамандарының лауазымдары: | |
1 | Директор |
2 | Директор орынбасары (шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарынан басқа) |
3 | Бөлімінің меңгерушісі, мұражай меңгерушісі, сектор меңгерушісі |
4 | Бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер |
5 | Бас қор сақтаушы, аға қор сақтаушы, қор сақтаушы |
6 | Экскурсовод |
7 | Суретші-рәсімдеуші, суретші-реставратор |
8 | Аға әдіскер, әдіскер |
9 | Кітапханашы |
10 | Мұрағатшы |
11 | Өнертанушы |
12 | Мұражай маманы |
13 | Патриоттық тәрбие беру орталығының нұсқаушысы |
14 | Мұражай қараушысы |
Мұрағат мамандарының лауазымдары: | |
1 | Мемлекеттік мұрағат мекемесінің басшысы |
2 | Мұрағатшы |
3 | Аға қор сақтаушы, қор сақтаушы |