"Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы"Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 473 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 4719 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 12.12.2016 № 513 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3267 тіркелген, 2008 жылғы 19 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.С.Биахметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады