Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Еңбек кодексінің 18-бабына және 238-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылғы 19 тамыздағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің N 98 жарияланған, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 1 тамызда N 3267 тіркелген "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі N 258 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
мәдениет мамандары лауазымдарының Тізбесіндегі 4, 5 және 8 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
4) Бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер;
5) Бас қор сақтаушы, аға қор сақтаушы, қор сақтаушы;
8) Жетекші әдіскер, аға әдіскер, әдіскер.
мұрағат мамандарының лауазымдарындағы 1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
1) Мемлекеттік мұрағат мекемесінің басшысы;
3 тармақ алынып тасталсын.
білім беру мамандарының лауазымдарындағы 4, 5, 6 және 8 тармақтар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
4) Балалар үйінің, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернатының, балалар мен жасөспірімдердің панаханасының директоры;
5) Кәсіптік лицейінің (мектеп), колледжінің, балалар үйінің, арнаулы түзеу ұйымының және барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдарының оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие, оқу-өндірістік жұмысы, бейінді оқыту жөніндегі директорының орынбасары;
6) Шығармашылық шеберханасының басшысы (білім беру ұйымдарында);
8) Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы - ұйымдастырушы, басшысы (оқу мекемесіндегі әскери жетекші).
2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ (Қ.Әлімов) Ақтөбе облыстық мәслихатына аталған өзгерістер келісу үшін ұсынсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е.Сағындықов |