Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық
мәслихатының 2009.12.24 № 216 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 және 7 баптарына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-86 санымен тіркелген, 06.05.2008ж. N 53 "Ақтөбе" және 01.05.2008 N 52 "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті бесінші сессиясының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 51 "Достық" және "Арай" жабық базарларында тауар сатушы тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшерін сол кезеңге сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткішіне коэффициенттерді қолдану арқылы бекіту туралы" шешімінің атауы жаңа редакцияда жазылсын: "Достық" және "Арай" жабық базарында тауар сатушы тұлғалар үшін біржолғы талон құнын бекіту туралы".
2. Осы шешімнің 1 және 2 қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын (қоса ұсынылады).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы" ММ бастығы Қ.М.Исақовқа жүктелсін.
4. Шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Таңатаров
Мәслихат хатшысы С. Шынтасова
Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті оныншы сессиясының
2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 92
шешіміне N 1 қосымша
"Достық" жабық базарында тауар сату үшін бір жолғы
талондар құнының мөлшері
р/с N |
Сауда түрі |
Бекітілген бір жолғы талондардың құны |
1 |
2 |
3 |
1 |
Халық тұтынатын тауарларды сөрелерден сату |
|
2 |
Бутиктерде тауар сату |
220 |
Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті оныншы сессиясының
2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 92
шешіміне N 2 қосымша
"Арай" жабық базарында тауар сату үшін бір жолғы
талондар құнының мөлшері
р/с N |
Сауда түрі |
Бекітілген бір жолғы талондардың құны |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бутиктерде тауар сату |
260 |