"Достық" және "Арай" жабық базарында тауар сатушы тұлғалар үшін біржолғы талон құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 51 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуірде N 3-1-86 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.12.24 № 216 шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008.09.30 N 92, өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 169 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 369-бабының 2 тармағына,  372-бабына және 373-бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 және 7 -баптарына сәйкес және салық салу базаларын ұлғайту, болжамдық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

       1. "Достық" және "Арай" жабық базарларында тауар сатушы тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшері осы шешімнің N 1, 2қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
       Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 169 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3 тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.М.Исақовқа жүктелсін.

      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы             Мәслихат хатшысы
        Т.Хамитов                   С.Шынтасова

Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті бесінші сессиясының
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 51 шешіміне N 1 қосымша

      Ескерту. Шешімнің 1 қосымшасы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008.09.30 N 92 Шешімімен.

"Достық" жабық базарында тауар сату үшін бір жолғы
талондар құнының мөлшері

р/с N

Сауда түрі

Бекітілген бір жолғы талондардың құны

1

2

3

1

Халық тұтынатын тауарларды сөрелерден сату
оның ішінде:
көк-өніс, жеміс-жидек
ет



180
 
180
180

2

Бутиктерде тауар сату

220

Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті бесінші сессиясының
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 51 шешіміне N 2 қосымша

      Ескерту. Шешімнің 2 қосымшасы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008.09.30 N 92 Шешімімен.

"Арай" жабық базарында тауар сату үшін бір жолғы
талондар құнының мөлшері

р/с N

Сауда түрі

Бекітілген бір жолғы талондардың құны

1

2

3

1

Бутиктерде тауар сату

260

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады