"Достық" және "Арай" базарларында тауарлар сататын тұлғалар үшін біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 216 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2010 жылдың 25 қаңтарда № 3-1-128 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 114 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013.01.24 № 114 Шешімімен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы № 100-IV Заңының 36 бабы 6 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Достық» және «Арай» базарларында тауарлар сататын тұлғалар үшін біржолғы талондар бағасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. «Достық» және «Арай» жабық базарларында тауар сатушы тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшерін сол кезеңге сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткішіне коэффициенттерді қолдану арқылы бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті бесінші сессиясының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 51 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 21 сәуірде № 3-1-86 санымен тіркелген, 2008 жылғы 1 мамырда № 52 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған, «Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 3-1-86 санымен тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті бесінші сессиясының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 51 «Достық» және «Арай» жабық базарларында тауар сатушы тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшерін сол кезеңге сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткішіне коэффициенттерді қолдану арқылы бекіту жөнінде» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті оныншы сессиясының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 92 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 22 қазанда № 3-1-96 санымен тіркелген, 2008 жылғы 11 қарашада № 135-136 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ бастығы С.М.Лиге жүктелсін.
      4. Шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының         Ақтөбе қалалық
           сессия төрағасы             мәслихатының хатшысы

            М. Сәрсембаев                  С. Шынтасова

Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті жиырма бірінші
сессиясын ың 2009 жылғы
24 желтоқсандағы
№ 216 шешіміне қосымша

«Достық» және «Арай» базарларында тауарлар сататын тұлғалар үшін біржолғы талондар бағасы

р/с № Базардын атауы Сауда түрі Бір күнгі бір жолғы талонның бағасы (теңге)
1 2 3 4

1

Достық

Сөрелерден тауар сату
ішінде:
көк-өніс, жеміс-жидек
ет

180
 
180
180

2

Арай

Сөрелерден тауар сату
ішінде:
көк-өніс, жеміс-жидек
ет
Бутиктен тауар сату

160
 
160
160
260

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады