Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 07.07.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 07.07.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 28.11.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Табантал ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
Табантал ауылында - Табантал көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;
Бақай ауылында - Бақай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;
Жайлаусай ауылында - Жайлаусай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;
Көптоғай ауылында - Көптоғай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округі әкімінің 04.02.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Табантал ауылдық | |
округінің әкімі | К.Алдабергенов |