Табантал ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1 "Табантал ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 5737 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Табантал ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1 "Табантал ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-67 тіркелген, 2008 жылы 15 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Табантал ауылдық округінің әкімі Р. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады