"Табантал селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 тамызда № 4453 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Табантал ауылдық округі әкімінің "Табантал селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-67 тіркелген, 2008 жылғы 15 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Табантал ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы";
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлдаған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 бөлігіне және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысының Мекен-жай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже туралы" № 255 қаулысына," сөздері алынып тасталсын;
      шешімнің 1 тармағы келесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Табантал ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
      Табантал ауылында–Табантал көшесі, көшеге барлық үйлер жатқызылады;
      Бақай ауылында–Бақай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатқызылады;
      Жайлаусай ауылында–Жайлаусай көшесі, осы елді мекеннің барлық үйлері жатқызылады;
      Көптоғай ауылында–Көптоғай көшесі, осы елді мекеннің барлық үйлері жатқызылады.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Табантал ауылдық округінің әкімі Ш.Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады