Табантал ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1 "Табантал ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 8043 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Табантал ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1 "Табантал ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-67 тіркелген, 2008 жылы 15 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Табантал ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:

      Табантал ауылында - Табантал көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;

      Бақай ауылында - Бақай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;

      Жайлаусай ауылында - Жайлаусай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;

      Көптоғай ауылында - Көптоғай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады.".

      2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Р. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады