Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2008 жылғы 15 қазандағы N 13/127 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 31 қазанда N 11-1-97 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 44/403 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011.07.21 № 44/403 шешімімен.
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасын"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 Заңының 6 бабының 4 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабы 1 тармақшасы 15) тармақшасын басшылыққа алып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Қоса беріліп отырған Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығы бекітілсін.
       2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Ә.Ванов

      Қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                       С.Кутепов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Қалалық білім бөлімі" ММ
      бастығының міндетін атқарушы
      А.Жұмағұл
      2008 жылы 15 қазан

Қалалық мәслихаттың    
2008 жылғы 15 қазандағы  
N 13/127 шешімімен бекітілген

Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің
НҰСҚАУЛЫҒЫ

      1. Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің осы нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес жасақталған.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 2010.12.24 № 38/347 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру бойынша төлеу "Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасымен 2008 жылдың 1 қыркүйектен бастап, жергілікті бюджеттен бөлінеді.
      3. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдікті тағайындау және төлеу органы болып, "Ақтау қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі - Бөлім).
      4. Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру келесі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерге белгіленеді:
      жоғары оқу орындарында;
      орта арнаулы оқу орындарында;
      лицейлерде;
      мектеп-интернаттарда.
      5. Күндізгі оқу нысанының білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі - Ұйым) оқитындар мен тәрбиеленушілер туралы мәліметті қоса берілген электронды және жазбаша түрінде тапсырылғаннан кейін Бөліммен жеңілдікпен жүруді тағайындау туралы шешім қабылданады.
      Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілері туралы мәліметті әр айдың 5-не дейін Бөлімге тапсырып отырады.
      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің төмендегі құжаттарының көшірмелерін Бөлімге тапсырулары тиіс:
      жеке куәліктің;
      СТН;
      ЖӘК;
      студенттік билеттің;
      пластикалық карточканың.
      Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің мағлұматтары өзгерген жағдайда белгіленген нысанға сәйкес ақпаратты уақытылы Бөлімге тапсыруы тиіс.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 2010.12.24 № 38/347 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      7. Ұйым басшылары күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер туралы мәліметтерді ұсынғанда, қол қойып, елтаңбалық мөрмен куәландырады және көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігіне жауапты болады.
      8. Берілген мәлімет пен құжаттардың көшірмелері бойынша Бөлім алушылардың тізімін тиісті банктерге жинақтап, әр айдың 15-не дейін оқитындар мен тәрбиеленушілердің карт-шотына 520 теңгеден аударып отырады.
      9. Күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерге қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру үшін берілген бюджеттік қаражаты мақсатты жұмсалуына жауапты болып Бөлім саналады.
      10. Бөліммен бірге Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің саны мен төленген қаржы туралы әр айдың 20-на дейін салыстырмалы актісін жасап отырулары тиіс.

Ақтау қаласындағы білім беру  
ұйымдарының күндізгі оқу нысанында
оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін
қалалық қоғамдық көлікте (таксиден
басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу
және төлеуінің нұсқаулығына
Қосымша

Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу
нысанында оқитындары мен тәрбиеленушілерi жөнiндегi
АҚПАРАТ

N р/р

Оқитынның (тәрбиеленушінің)

Т.А.Ә.

Жеке куәлiктің N

Жеке куәлiктiң берiлген күні

СТН

ЖӘК

Студенттік билеттің N

Күндізгі оқу бөліміне қабылданған жөніндегі

бұйрықтың

күні, N

Күндізгі оқу бөлімінен шыққан жөніндегі бұйрықтың күні, N

Банктің атауы (пластикалық карта)

Пластикалық картаның N












М.О. Білім беру ұйымы басшысының Т.А.Ә. және қолы

Об утверждении Инструкции по назначению и выплате по льготному проезду на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организации образования очной формы обучения города Актау

Решение маслихата города Актау Мангистауской области от 15 октября 2008 года N 13/127. Зарегистрировано Управлением юстиции города Актау 31 октября 2008 года N 11-1-97. Утратило силу решением маслихата города Актау Мангистауской области от 21 июля 2011 года № 44/403

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Актау    Мангистауской области от 21.07.2011 № 44/403. 
      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года N 319 "Об образовании" ,  пунктом 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года N 581 "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" и руководствуясь подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" , городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по назначению и выплате по льготному проезду на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организаций образования очной формы обучения города Актау.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Председатель сессии                   А.Ванов

      Исполняющий обязанности
      секретаря городского
      маслихата                             С.Кутепов

"СОГЛАСОВАНО":
Исполняющий обязанности
начальника ГУ "Актауский
городской отдел образования"
А.Жумагул
15 октября 2008 года

Утверждена
решением городского маслихата
от 15 октября 2008 года N 13/127

ИНСТРУКЦИЯ
по назначению и выплате по льготному проезду на городском
общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и
воспитанникам организаций образования очной формы обучения
города Актау

      1. Настоящая Инструкция по назначению и выплате по льготному проезду на общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организаций образования очной формы обучения города Актау(далее - Инструкция) разработана в соответствии с Законами Республики Казахстан от 27 июля 2007 года N 319 "Об образовании" , от 7 июля 2004 года N 581 "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" , от 23 января 2001 года N 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан».
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Актауского городского маслихата от 24.12.2010 № 38/347 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      2. Выплата по льготному проезду на городском общественном транспорте (кроме такси) производится за счет средств, выделенных из местного бюджета с 1 сентября 2008 года по бюджетной программе "Социальная поддержка обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения".
      3. Органом, осуществляющим назначение и выплату по льготному проезду на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организаций образования очной формы обучения, является государственное учреждение "Актауский городской отдел образования" (далее -Отдел).
      4. Льготный проезд на общественном транспорте (кроме такси) предоставляется обучающимся и воспитанникам очной формы обучения в:
      высших учебных заведениях;
      средних специальных учебных заведениях;
      лицеях;
      школах-интернатах.
      5. Решение о предоставлении льготного проезда принимается Отделом на основании представляемой организациями образования очной формы обучения (далее - Организация) сведений об их обучающихся и воспитанниках согласно прилагаемой форме на бумажном и электронном носителях.
      Организациями 5 числа ежемесячно представляются Отделу сведения об их обучающихся и воспитанниках.
      6. Организациям необходимо представить в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225 "Об утверждении Правил исполнения республиканского и местных бюджетов", в Отдел по обучающимся и воспитанникам копии следующих документов:
      удостоверения личности;
      РНН;
      СИК;
      студенческого билета;
      пластиковой карточки.
      Организациям при изменении данных их обучающихся и воспитанников необходимо своевременно предоставлять информацию в Отдел по установленной форме.
      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными решением Актауского городского маслихата от 24.12.2010 № 38/347 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      7. Руководитель Организации, представившего сведения о своих обучающихся и воспитанниках, подписывает их, заверяет оттиском гербовой печати и несет ответственность за полноту и достоверность сведений, указанных в них, в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.
      8. На основании представленных сведений и копий документов Отдел формирует список получателей по соответствующим банкам и до 15 числа ежемесячно перечисляет на карт-счета обучающихся и воспитанников Организаций сумму в размере 520 тенге.
      9. Отдел несет ответственность за целевое расходование бюджетных средств, направленных на льготный проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам Организаций.
      10. Ежемесячно до 20 числа Отделом и Организациями составляется акт сверки по количеству студентов и выплаченным им суммам.

Приложение
к Инструкции по назначению и
выплате по льготному проезду на
городском общественном транспорте
(кроме такси) обучающимся и
воспитанникам организаций
образования очной формы обучения
города Актау

СВЕДЕНИЯ
об обучающихся и воспитанниках организаций
образования очной формы обучения города Актау

п/п

Ф.И.О. обучающегося (воспитанника)

№ удостоверения личности

Дата выдачи удостоверения личности

РНН

СИК

№ студен-ческого билета

№, дата приказа о зачислении на очную форму обучения

№, дата приказа об отчислении из очной формы обучения

Наименование банка (пластиковой карты)

№ пластиковой карточки












М.П. Ф.И.О. и подпись руководителя организации образования