Ескерту. Күші жойылды - Ақтау қалалық мәслихатының 2011.07.21 № 44/403 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына 43 бабының 1 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 15 қазандағы № 13/127 «Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқалығын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-97 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 қарашадағы № 174 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Нұсқаулықтың:
1 тармағындағы:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздері « 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
«және қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 22 мамырдағы «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» № 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 9/88 шешімін орындау мақсатында» деген сөздер алынып тасталсын;
6 тармағындағы:
«2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» деген сөздер «2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы В.Попова
Қалалық маслихат
хатшысы Ж.Матаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д.Жұмашева
2010 жылы 24 желтоқсан