Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селолары", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдары", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Жітіқара ауданының өкілетті және атқарушы органдарының пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жітіқара ауылдық округі таратылсын.
2. Таратылған Жітіқара ауылдық округінің Қазірет және Тасыбай ауылдары олардың жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Большевик ауылдық округіне қосылсын.
3. Жалтыркөл ауылы оның жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Мүктікөл ауылдық округіне әкімшілік бағынысқа берілсін, округтің әкімшілік орталығы Жалтыркөл ауылы болсын.
4. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрағасы
Қостанай облысының әкімі
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
Әкімдік мүшелері: