Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.09.18 N 178/13 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" N 764 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 449-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы" N 140/6 қаулысына (Павлодар облысының әділет департаментінің тізілімінде 2008 жылғы 24 маусымда N 3116 болып тіркелген, "Звезда Прииртышья" N 71 газетінде 2008 жылғы 28 маусымда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы "шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының тармағында:
екінші абзац "шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзацтағы "120000" деген сандар "300000" деген сандармен ауыстырылсын, "бір жүз жиырма мың" деген сөздер "үш жүз мың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Облыс әкімі Қ. Нұрпейісов