Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009.02.11 N 42 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Ережелерін бекіту туралы» 22.10.2005 жылғы № 241 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
2. Тайынша ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы «Мүгедектерге жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы» № 2 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.И.Турковқа жүктелсін.
4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. М. Баймағамбетов
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 26 наурыздағы
№ 110 қаулысына қосымша
Тайынша ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы
№ |
Мекеменің атауы |
Жұмыс орындар саны |
Мүгедектер |
1. |
«Баско» ЖШС |
220 |
2 |
2. |
Аудандық білім бөлімі |
101 |
2 |
3. |
«Эксимнан» ЖШС |
192 |
1 |
4. |
«Вишневка» ЖШС |
269 |
1 |
5. |
«Тайынша-Астық» ЖШС |
373 |
1 |
6. |
«Племзавод Алабота» ЖШС |
251 |
1 |
Барлығы |
8 |