Ескерту. Қолдану мерзімінің тоқтатылуына байланысты күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.11.02 N 802-1 хатымен.
Ескерту: Преамбулаға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008.09.24 N 10/124-IV (Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың
хатшысы
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2008 жылғы
27 наурыздағы № 5/71-ІV
шешіміне қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкалары
Р/с№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Қалдық- |
Ставка-лары, теңге |
1. |
Ластаушы заттардың тұрақты |
шартты тонна |
1590 |
|
2. |
Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден шығарындылары: |
пайдаланыл- (бұдан әрі - тонна) |
||
этилденбеген бензин үшін |
710 |
|||
дизель отыны үшін |
967 |
|||
сұйытылатын, сығылған газ үшін |
700 |
|||
3. |
Ластаушы заттардың төгінділері: |
шартты тонна |
||
су көздеріне 2 |
28960 |
|||
жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне |
11050 |
|||
4. |
Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3 |
тонна |
770 |
|
5. |
Өнеркәсіптік қалдықтар: |
|||
өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру |
тонна |
"қызыл" тізім |
23416 |
|
"янтарь" тізім |
11683 |
|||
"жасыл" тізім |
2921 |
|||
жіктелі мегендер |
1511 |
|||
халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін |
"янтарь" тізім |
4166 |
||
Бұдан басқа |
||||
аршынды жыныстар 4 |
тонна |
7 |
||
байыту шлактары, шламдары, |
36 |
|||
күл мен күлшлактар 4 |
тонна |
60 |
||
ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары |
тонна |
261 |
||
6. |
Радиоактивті қалдықтар: |
гигабек-керель |
||
трансуранды қалдықтар |
2 060 |
|||
альфа - радиоактивті қалдықтар |
1 030 |
|||
бета - радиоактивті қалдықтар |
103 |
|||
шынақты радиоактивті көздер |
1 030 |
|||
7. |
Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары |
шартты тонна |
45851 |
Ескертпе:
1) ІSО 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
1 0,75 коэффициенті;
4 0,75 коэффициенті енгізіледі;
2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына: энергия өндіруші ұйымдар;
табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффиценттер енгізіледі
1 0,3 коэффициенті;
2 0,43 коэффициенті;
4 0,25 коэффициенті;
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
3 0,2 коэффициенті;
4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.
Ескерту: өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008.09.24 N 10/124-IV (Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.