Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 5/71-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 31 наурызда N 1975 тіркелді. Қолдану мерзімінің тоқтатылуына байланысты күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 2 қарашадағы N 802-1 хатымен

      Ескерту. Қолдану мерзімінің тоқтатылуына байланысты күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.11.02 N 802-1 хатымен.

       Ескерту: Преамбулаға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008.09.24 N 10/124-IV   (Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2008 жылғы
27 наурыздағы № 5/71-ІV
шешіміне қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкалары

Р/с№

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қалдық-
тардың қауіпті-лік деңгейі

Ставка-лары, теңге

1.

Ластаушы заттардың тұрақты
көздерден шығарындылары 1

шартты тонна


1590

2.

Ластаушы заттардың қозғалмалы  көздерден шығарындылары:

пайдаланыл-
ған отынның тоннасы

(бұдан әрі - тонна)



этилденбеген бензин үшін


710

дизель отыны үшін 


967

сұйытылатын, сығылған  газ үшін


700

3.

Ластаушы заттардың төгінділері:

шартты тонна



су көздеріне 2


28960

жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне


11050

4.

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3

тонна


770

5.

Өнеркәсіптік  қалдықтар:




өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру

тонна

"қызыл" тізім

23416

"янтарь" тізім

11683

"жасыл" тізім

2921

жіктелі мегендер

1511

халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін

"янтарь" тізім

4166

Бұдан басқа




аршынды жыныстар 4

тонна


7

байыту шлактары, шламдары,
қалдықтары 4


36

күл мен күлшлактар 4

тонна


60

ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары

тонна


261

6.

Радиоактивті қалдықтар:

гигабек-керель



трансуранды қалдықтар


2 060

альфа - радиоактивті қалдықтар


1 030

бета - радиоактивті қалдықтар


103

шынақты радиоактивті көздер


1 030

7.

Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары 

шартты тонна


45851

      Ескертпе:
      1) ІSО 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,75 коэффициенті;
      4 0,75 коэффициенті енгізіледі;
      2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына: энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффиценттер енгізіледі
      1 0,3 коэффициенті;
      2 0,43 коэффициенті;
      4 0,25 коэффициенті;
      3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      3 0,2 коэффициенті;
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
      5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.
       Ескерту: өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008.09.24 N 10/124-IV (Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады