Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 5/71-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 10/124-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2008 жылы 20 қазанда № 1995 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 802-1 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 02.11.2009 қарашадағы № 802-1 хатымен).

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 6 тармақшасына , 101-бабының 4-тармағына , «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабына , «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 344 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

       1. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5/71-IV шешіміне (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестірінде № 1975 тіркелінген, 2008 жылғы 3 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      преамбулада:
      5) тармақшасына деген сөздері 6) тармақшасына деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің қосымшасында:
      ескертпеде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына: энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффиценттер енгізіледі
       1 0,3 коэффиценті;
       2 0,43 коэффиценті;
      4 0,25 коэффиценті;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрайымы     Р. Оспаналиева

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Ә. Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады