Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 01.02.2013 № 31 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексінің) 394-бабына және 258-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15-ақпандағы N 27-269/III (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-32 тіркелген, 2006 жылғы 8 сәуірде "Мәртөбе" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38-371/III "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-57 тіркелген, 2007 жылғы 17 ақпанда "Мәртөбе" газетінде жарияланған шешімімен өзгерістер енгізілген) шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа тақырыпта мазмұндалсын (қосымша қоса тіркеледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі .
Сессия төрағасы: Н. Ирсалиев
Аудандық мәслихат
хатшысы: Т. Төлендиев
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
28 наурыздағы N 6-79/ІV шешіміне
қосымша
Сайрам ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық режимінің ставкалары
салық ставкасы (АЕК есебінде бір жылға)
N р/с |
Қызмет түрі |
Салық салу объектісінің түрі |
Бекітілген ставка |
|
салық |
акциз |
|||
1 |
Ақшалай ұтыссыз ойын автоматтарының қызметтері |
Ақшалай ұтыссыз ойын автоматтары 1 (бір ойыншыға арналған автомат) |
10 15 |
- |
2 |
Боулинг бойынша қызметтер (кегельбан) |
Ойын жолы |
55 |
- |
3 |
Картинг |
Карт |
25 |
|
4 |
Бильярд бойынша |
Бильярд үстелі (1 үстелге) |
30 |
|
5 |
Лото ойынын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер |
Лото ұйымдастырушысы, 1 адам |
80 |
|
6 |
Электрондық рулеткасы |
100 |
- |
|
7 |
Ойын өткізуге арналған дербес компьютер |
1 компьютерге |
10 |
- |