Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ Қ АБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2452, 2007 жылғы 7 тамыздағы № 94-95 "Дидар", 2007 жылғы 7 тамыздағы № 118 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған, 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/41-ІV шешіммен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2468, 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 6 "Дидар", 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 7-8 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) аталған шешіммен бекітілген Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқаулығында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.";
2) 4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "1)-3) тармақшаларында" сөздері "1)-3), 8) тармақшаларында" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы В. ЦХЕ
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы В. АХАЕВ