Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.07.01 N 220 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-II Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ұсынылған ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындауын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.
3. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі Д. Бейсембаев
Шығыс Қазақстан облысының
Глубокое аудандық
әкімдіктің 22 сәуірдегі 2008 ж.
№ 898 қаулысымен бекітілді
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу туралы ереже
Ереже Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңелген адамдарды әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктер туралы» Заңдарына сәйкес жасалды.
Ереженің іс әрекеті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға қолданылмайды.
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі -Әлеуметтік төлем) ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі. Әлеуметтік төлемнің түрлері, мөлшерлері және көрсету тәртібі осы ережемен белгіленеді.
2. Әлеуметтік төлем Глубокое ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, шет елдіктерге, азаматтығы жоқ тұруға ыхтияр хаты бар адамдарға беріледі.
З. Әлеуметтік төлем Глубокое ауданының бюджетінен қаржыландырылады.
4. Әлеуметтік төлем «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі-бағдарлама ) сәйкес осы қаржы жылында белгіленген мақсаттарға аудан бюджетінде қаралған шектерде беріледі, «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме әкімшісі (бұдан әрі - Әкімшісі ) болып табылады.
5. Әлеуметік төлем алушының Глубокое ауданынан тіркеуден алынған немесе қайтыс болған жағдайда Әлеуметтік төлемнің беруі осы айдан бастап тоқтатылады.
2. Әлеуметтік төлемді алу құқықтары
6. Біржолғы әлеуметтік төлемді алуға құқылы: - аз қамтылған отбасылар; - жедел әлеуметтік көмекті мұқтаж ететін адамдар, отбасылар (онкологиялық, туберкулездық ауруды емдеу, операцияларды жасау, Қазақстан Республикасының аумағындағы ауруханаларға бару үшін, өрт, апат, су тасқыны және комиссия шешімімен белгіленетін басқадай жағдайларда), сондай ақ мерекелік күндерде азаматтардың жеке санаттарына.
7. Ай сайынғы әлеуметтік төлемге құқылы: толық мемлекеттік қамтудағы адамдардан басқа, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына шаш алғызу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, басқа негіздермен арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алмайтын облыстық мағынадағы жеке зейнеткерлер.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – Глубокое аудандық әкімдігінің 2008.07.16 N 1023 шешімімен.
7-1. Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген тұлғалар және облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге құқықтары бар, коммуналдық қызметтерге шығатын шығындарды өтеу үшін ай сайын әлеуметтік төлемдер төлеу құқығын беру.
Ескерту. 2-тарау 7-1 тармақпен толықтырылды – Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.01.09 N 1303 шешімімен.
3. Азаматтардың жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
8. Әлеуметтік төлем отбасына (азаматқа ) жеке жазбаша берілген өтініші бойынша жылына бір рет материалдық көмек түрінде беріледі.
9. Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әр бір жағдайда аудандық комиссия шешімі бойынша белгіленеді, 150000 (жүз елу мың) теңге аспайды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.01.09 N 1303 шешімімен.
10. Аудандық комиссия материалдық көмекті беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
11. Азаматтардың өтініштері төмендегі құжаттарды ұсынған кезде аудандық комиссия отырысында қаралады: өтініш берушінің жеке бас куәлігінің көшірмесі,өтініш берушінің тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі,; тұрмыс жағдайын тексеру актісі (тұрғылықты жері бойынша учаскелік комиссия мүшелерімен жасалған ); отбасының әлеуметтік картасы (тұрғылықты жері бойынша учаскелік комиссиямен жасалған); материалдық көмекті мұқтаж ететінін растайтын басқа құжаттар (емделу туралы медициналық мекеменің қорытындысы, операцияның бағасы, медициналық тексеру ж.б.).
12. Әлеуметтік төлем бағдарлама Әкімшісімен «Қазпочта» АҚ бөлімшесіне тағайындалған сомаларды аудару арқылы төленеді.
4. Мерекелік күндерге азаматтардың жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
13. Азаматтардың жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемдер мерекелік күндерде азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
1) Ауғаныстаннан Кеңес одағының шектеулі әскерін шығару күніне: Ауғаныстандағы соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауғанстан соғысына қатысқан кезеңдерде әскери қызметкерлердің отбасыларына, жарақат алғандар мен қайтыс болғандарға (хабарсыз жоғалып кеткендер), естерінен адасқандар, зақымданғандар, аурулар - 5000 (бес мың) теңге мөлшеріне дейін;
2) 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне: төрт және одан артық бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалалы аналарға, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіби оқу мекемелерінде оқитын 23 жастан аспаған кәмелетке толған - оку мекемесін аяқтау уақытына дейінгі балалары бар; «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» асылғыларымен марапатталған, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; қарауында кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге; мүмкіндіктері шектеулі балалары бар әйелдерге; Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдерге және 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне аудан әкімімен және мәслихат хатшысымен шақырылған адамдарға - 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
3) Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың құрбаны болған
адамдарға: Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарын
жоюға қатысқан адамдарға - 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
4) Жеңіс күніне: - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне; фашизм тұтқындарына; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған
(қайтыс болған, хабарсыз жоғалып кеткен) әскери қызметшілерінің қайталап тұрмыс құрмаған жесір әйелдеріне - 10000 (он мың) теңге; мәртебелері Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, оларға теңелген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 6, 8, 9 баптарымен белгіленген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңелген адамдарға - 5000 (бес мың) теңге;
5) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күніне: саясат қуғындар құрбандарына, зейнеткерлерге, саясат құғындарынан зардап шеккен мүгедектігі бар адамдарға - 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
6) Балаларды қорғау күніне: он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға; төрт және одан артық бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалалы аналарға (анасы жоқ болған жағдайда- әкесіне немесе орынын басатын адамға), оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіби оқу мекемелерінде оқитын 23 жастан аспаған кәмелетке толған - оқу мекемесін аяқтау уақытына дейінгі балалары бар; «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» асылғыларымен марпатталған, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелейтін отбасыларға - 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
7) Білім күніне: Ата-ансының қамқорлығынсыз қалған балаларды
тәрбиелейтін отбасыларға; 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға; төрт және одан артық бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалалы аналарға (анасы жоқ болған жағдайда- әкісіне немесе орынын басатын адамға) - 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
8) Халықаралық қарт адамдар күніне: жалғыз тұратын зейнеткерлерге; ардагерлер белсенділеріне; Халықаралық қарт адамдар күні мерекесіне аудан әкімімен және мәслихат хатшысымен шақырылған адамдарға - 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
9) Мүгедектер күніне: жалғыз тұратын мүгедектерге; оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес материалдық көмекті мұқтаж ететін мүгедектерге -3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
10) Тәуелсіздік күніне: толық мемлекеттік камтудағы адамдардан басқа сол жылда 90 және одан артық жасқа толған қарт адамдарға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелейтін отбасыларға; 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға - 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.01.09 N 1303 шешімімен.
14. Әкімшісі Глубокое ауданының кенттер мен ауылдық округтарының әкімдерімен ұсынылған тізімдер негізінде Ереженің 13 тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін жасайды.
5. Ай сайынғы әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
15. Әлеуметтік төлем арнайы мемлекеттік жәрдемақыны басқа негіздермен алмайтын облыстың деңгейдегі жеке зейнеткерлерге кенттер мен ауылдық округтарының әкімдерімен ұсынылған тізімдер негізінде ай сайын беріледі; төлемнің мөлшері бір айлық көрсеткіштің мөлшерін құрайды.
16. Ай сайынғы әлеуметтік төлем толық мемлекеттік қамтудағы адамдардан басқа шаш алғызу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, басқа негіздермен арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алмайтын облыстық мағынадағы жеке зейнеткерлерге ай сайын кенттер мен ауылдық округтар әкімдерімен ұсынылған тізімдер негізінде төленеді; төлемнің мөлшері бір айлық есептік көрсеткіштен 0,4 құрайды.
16-1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына әлеуметтік төлемдер ай сайын Әкімшілік тізімдері негізінде жасалады; төлемнің мөлшері 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ескерту. 5-тарау 16-1 тармақпен толықтырылды – Глубокое аудандық әкімдігінің 2008.07.16 N 1023 шешімімен.
16-2 Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген тұлғалар және облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге құқықтары бар, коммуналдық қызметтерге шығатын шығындарды өтеу үшін өтініш қабылдаған айдан бастап келесі құжаттар қажет: жеке куәліктің көшірмесі,тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі және жеке зейнеткер куәлігінің көшірмесі немесе жеке зейнет тағайындау хаттамасы; төленетін төлемнің мөлшері 2000 (екі мың) теңгені құрайды.
Ескерту. 5-тарау 16-2 тармақпен толықтырылды – Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.01.09 N 1303 шешімімен.
6. Әлеуметтік төлемдерге бақылау жасау
17. Әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша есептеу пен бақылау Бюджеттік кодекске сәйкес жасалады.
"Глубокое ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ басшысы М. Пономарева