2008 жылғы 22 сәуірдегі «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ережені бекіту туралы» № 898 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 1303 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 ақпанда № 5-9-97 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 1 шілдедегі N 220 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.07.01 N 220 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік жергілік басқару туралы» № 148-ІІ Заңының 31-бап, 1-тармақ 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 231 Заңының 28-бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Глубокое аудандық әкімдіктің 2008 жылғы 22 сәуірдегі «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ережені бекіту туралы» № 898 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестірінде № 5-9-86 тіркелген, «Огни Прииртышья» аудандық газетінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 23 санында жарияланған төмендегі өзгертулер енгізілген Глубокое аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 1023 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Глубокое аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірінде № 898 «жеке санаттан азаматарға әлеуметтік көмек төлеу және тағайындау бойынша ережелерді бекіту туралы» қаулысына мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне № 5-9-89 хатталды, «Огни Прииртышья» аудандық газетінде № 30 санында жариаланды) келесі өзгерістер енгізілсін.
      аталған қаулымен бекітілген азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу Ережесінде:
      2 бөлім мына мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын
      «7-1. Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген тұлғалар және облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге құқықтары бар, коммуналдық қызметтерге шығатын шығындарды өтеу үшін ай сайын әлеуметтік төлемдер төлеу құқығын беру»
      9 тармақтағы «100000 (жүз мың) теңге» сөзі «150000 (жүз елу мың) теңге» сөзімен алмастырылсын;
      13 тармақтың 1) тармақшасындағы «Ауғанстанда» сөзінен кейін Ауғанстан соғысына қатысқан кезеңдерде «әскери қызметкерлердің отбасыларына, жарақат алғандар мен қайтыс болғандарға (хабарсыз жоғалып кеткендер), естерінен адасқандар, зақымданғандар, аурулар» сөздерімен толықтырылсын.
      5 қосымша мына мазмұндағы 16-2 тармақпен толықтырылсын:
      «16-2 Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген тұлғалар және облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге құқықтары бар, коммуналдық қызметтерге шығатын шығындарды өтеу үшін өтініш қабылдаған айдан бастап келесі құжаттар қажет: жеке куәліктің көшірмесі,тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі және жеке зейнеткер куәлігінің көшірмесі немесе жеке зейнет тағайындау хаттамасы; төленетін төлемнің мөлшері 2000 (екі мың) теңгені құрайды».
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Я.Пекурге жүктелсін.
      3. Қаулы ресми жарияланғаннан бірінші күннен соң он күнтізбелік кун өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қарым-қатыныстарға таратылады.
      
      Глубокое ауданы әкімінің м. а.           В. Лаптев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады