«Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ережені бекіту туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 898 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 1023 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 13 тамызда № 5-9-89 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 1 шілдедегі N 220 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.07.01 N 220 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы «2008-2011 жылдарға Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке санаттарына қосымша әлеуметтік демеу көрсету жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту туралы» № 530 қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 231 қаулысының 28-бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Глубокое аудандық әкімдіктің 2008 жылғы 22 сәуірдегі «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ережені бекіту туралы» № 898 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестірінде № 5-9-86 тіркелген) төмендегі өзгертулер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу Ережесінде:
      7 тармақта «толық мемлекеттік қамтуындағы адамдардан басқа» сөздерінен кейін «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына» сөздерімен толықтырылсын;
      5 тарау төмендегі мазмұндағы 16-1 тармағымен толықтырылсын:
      «16-1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына әлеуметтік төлемдер ай сайын Әкімшілік тізімдері негізінде жасалады; төлемнің мөлшері 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды»
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Я.Пекурге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 шілдеден  туындаған қатыныстарға қолданылады.
 
      Глубокое ауданының әкімі              Д. Бейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады