Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 21.10.2013 № 17-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)
Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2009.03.31 № 15-12 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2009.03.31 № 15-12 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
1. Орал қаласы азаматтарының келесі санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек мөлшері белгіленсін:
1) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2012.04.12 № 4-10 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2) қала қоғамдық көліктерінде жүруіне байланысты берілетін жолақы үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көз жанарынан айырылған 1-ші және 2-ші топтағы зағип мүгедек жандарға және қант диабеті ауруына шалдыққандарға;
3) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2012.12.12 № 9-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
4) әскери міндеттерін орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, майданда болуына байланысты немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өткізу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 2 000 теңге мөлшерінде;
5) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өткізу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 2 000 теңге мөлшерінде;
6) Чернобыль АЭС-iндегi апаттық, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнің радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына 2 000 теңге мөлшерінде;
7) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездердегі қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда болған адамдарға 2 000 теңге мөлшерінде;
8) қоршау кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға 2 000 теңге мөлшерінде;
9) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 2 000 теңге мөлшерінде;
10) басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес, басқа мемлекеттік аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде) 2 000 теңге мөлшерінде;
11) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілеріне 2 000 теңге мөлшерінде;
12) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жесірлеріне 2 000 теңге мөлшерінде;
13) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің отбасыларына 2 000 теңге мөлшерінде;
14) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердің отбасыларына 2 000 теңге мөлшерінде;
15) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2012.12.12 № 9-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 3 000 теңге мөлшерінде;
17) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2012.04.12 № 4-10 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
18) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға - 2 000 теңге.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2009.03.31 № 15-12 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.12 № 4-10 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.12 № 9-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.
2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы әлеуметтік көмек Орал қаласы әкімдігінің азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі комиссияның (одан әрі - комиссия) қорытындысы негізінде төмендегі түрде беріледі:
1) шұғыл әлеуметтік қолдау төлемдері (емделу, тұрмыстық қажеттіліктер, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, онкологиялық және туберкулез ауруына шалдыққандардың емделуіне т.б. ауыр жағдайларда) комиссия белгілеген мөлшерде жылына екі реттен артық емес;
2) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға), жұмыссыз, сондай-ақ айлық табысы жиырма айлық есептік көрсеткіштен артық емес жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға ең төменгі 12 есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және тұрғын үйді газдандыру үшін комиссия белгілеген мөлшеріндегі төлемдер;
3) азаматтардың жекелеген санаттарына мереке күндеріне берілетін (9 мамыр, 1 маусым, 1 қазан) комиссия белгілеген мөлшеріндегі төлемдер:
Жеңіс күніне - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Қарттар күніне - көмекке мұқтаж зейнеткерлер, жалғызбасты қартайған азаматтарға;
балаларды қорғау күніне - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
жүз жасқа толған және одан асқан азаматтарға;
3-1) мереке және даталы күндеріне берілетін бір жолғы көмекті төлеу келесі мөлшерде жүзеге асырылады:
бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия флот құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілерге – 50 000 теңге;
бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге – 50 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда болған адамдарға – 10 000 теңге;
қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға – 3 000 теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 3 000 теңге;
бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан-Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 10 000 теңге;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апатына тiкелей қатысқан адамдарға - 10 000 теңге;
бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 10 000 теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына - 10 000 теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасына - 10 000 теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасына - 10 000 теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасына - 10 000 теңге;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда - 3 000 теңге;
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың қайталап некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 3 000 теңге;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайталап некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 3 000 теңге;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасына - 5 000 тенге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға - 3 000 теңге;
бірнеше негіздеме бойынша біржолғы көмекті алуға бірдей құқығы бар тұлғаларға біржолғы көмек олардың таңдауы бойынша бір негіздеме бойынша төленеді;
Ескерту. 3-1 тармақшасы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2012.05.28 № 5-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2012.12.12 № 9-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.
4) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тіс салдыруына жылына бір рет 15 000 теңге мөлшеріндегі төлемдер;
5) туберкулезбен ауыратын азаматтарды құжаттандыруға және оларды қосымша тамақтандыруға жылына бір рет 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі төлемдер
6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға облыстан тыс жерлерде операция жасауға және емделуге комиссия белгілеген мөлшерде;
7) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды бағып отырған отбасына комиссия белгілеген мөлшерде;
8) интернационалист жауынгерлерді еске алу күні - Ауғанстан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне төлемдер;
9) Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күнi – Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға және қаза тапқан адамдардың отбасына төлемдер.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2009.03.31 № 15-12 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.20 № 28-3, 2012.05.28 № 5-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.12 № 9-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.
3. Жекелеген азаматтар санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті қоспағанда, барлық әлеуметтік көмек түрлерінің ең жоғары көлемі жылына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, шешімнің 1 тармағынан басқа, оның қолданысы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
9-шы сессиясының төрайымы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы