Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шiлдедегi № 9-14 "Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 4-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 мамырда № 7-1-229 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 қазандағы № 17-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 21.10.2013 № 17-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 67 баптарын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 2 шiлдедегi № 9-14 шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7-1-101 тiркелген, 2008 жылғы 24 шiлдеде "Жайық үнi" газетiнде № 30 және 2008 жылғы 24 шiлдеде "Пульс города" газетiнде № 30 жарияланған) келесi өзгеріс енгiзiлсiн:
      көрсетілген шешімнің 1 тармағынан 1) тармақша және 17) тармақша алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезекті 4-ші сессиясының
      төрағасы                         Е. Бақтияр
      Орал қалалық
      мәслихатының хатшысы             А. Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады