Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 21.10.2013 № 17-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 2 шілдедегі № 9-14 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-101 тіркелген, 2008 жылғы 24 шілдеде "Жайық үні" газетінде № 30 және 2008 жылғы 24 шілдеде "Пульс города" газетінде № 30 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
3) және 15) тармақшалары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға - 2 000 теңге.";
2 тармақтың 3-1) тармақшасында:
бірінші абзацта "30 000" деген сан "50 000" деген санмен ауыстырылсын;
екінші абзацта "30 000" деген сан "50 000" деген санмен ауыстырылсын:
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Потиченко
Мәслихат хатшысы А. Шыныбеков