Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 9-14 "Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 28-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда № 7-1-186 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 қазандағы № 17-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 21.10.2013 № 17-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 67 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 2 шiлдедегi № 9-14 шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7-1-101 тiркелген, 2008 жылғы 24 шiлдеде "Жайық үнi" газетiнде № 30 және 2008 жылғы 24 шiлдеде "Пульс города" газетiнде № 30 жарияланған), келесi толықтыру енгiзiлсiн:
      шешімнің 2 тармағы келесі мазмұндағы 3-1 тармақшасымен толықтырылсын:
      "3-1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына біржолғы материалдық көмекті төлеу келесі мөлшерде жүзеге асырылады:
      бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілерге – 50 000 теңге;
      бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілер, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге – 50 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда болған адамдарға – 10 000 теңге;
      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға – 10 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің ата-аналарына және қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) – 5 000 теңге;
      қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 10 000 теңге;
      1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезенде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен немесе "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға – 10 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдарға, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға – 3 000 теңге;
      бірнеше негіздеме бойынша біржолғы материалдық көмекті алуға бірдей құқығы бар тұлғаларға біржолғы материалдық көмек олардың таңдауы бойынша бір негіздеме бойынша төленеді.".
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезектен тыс 28-ші
      сессиясының төрайымы             В. П. Михно
      Орал қалалық
      мәслихатының хатшысы             Ә. Қ. Истелюев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады