Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012.10.05 № 362 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға растауды беру ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ақпараттық технологиялық паркі" арнайы экономикалық аймағына қатысушылар ережесін және растауды беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4566 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" 2007 жылғы N 3, 161 б. жарияланған. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың актілер жинағы, наурыз, 2007 жыл);
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрінің 2007 жылғы 5 қарашадағы N 329 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5031 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқада мемлекеттік органдардың 2008 жылғы 27 наурыздағы N 1 актілер жинағында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі А.О. Қосыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б.Б. Жәмішев ____________
2008 жыл
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2009 жылғы 5 ақпандағы
N 31 бұйрығымен
бекітілген
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға
растауды беру ережесін бекіту туралы 1. Жалпы ережелер
1. Осы арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға растауды беру ережесін бекіту туралы (бұдан әрі - Ереже) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңы және "Арнайы экономикалық аймақ мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін (жұмыстардың, қызметтердің) тауарлардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200_ жылғы ___ _______ N ______ қаулысына және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардан (бұдан әрі - АЭА) алынған (алынуға жататын) табыстарды Салық кодексінің 150-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызметтер түрлерінен алынған (алынуға жататын) табыстарға жатқызу туралы растау (бұдан әрі - растау) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
1) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақты құру, жұмыс істету және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) АЭА әкімшілігі – арнайы экономикалық аймақтың аумағында әрекет ететін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;
3) АЭА қатысушысы - АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және қызметті жүргізу туралы келісім жасасқан заңды тұлға;
4) растау - АЭА қатысушыларының алынған (алынуға жататын) табыстарды АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жататынын растайтын осы Ережеге 2 , 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша ресми құжат;
5) өтініш – растауды алу үшін АЭА қатысушысы осы Ереженің 4-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып 1 , 3–қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша жазбаша жүгіну;
6) өтініш беруші – растауды алуға өтінімді қарауға ұсынған АЭА қатысушысы.
2. Өтініштерді қарау және растауды
беру тәртібі
3. АЭА қатысушысы келіп түскен күні осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда Тіркеу журналында тіркелетін рәсімделген өтінішті АЭА әкімшілігіне береді.
4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) техникалық-экономикалық негіздемемен және қызмет түрлеріне бөлумен өздері өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нақты өткізілген көлемі туралы анықтама;
2) өткен қаржы жылы үшін қызмет нәтижелері бойынша бухгалтерлік теңгерім және табыстар мен шығыстар туралы есеп;
3) өткен қаржы жылы үшін куәландырылған аудиторлық есептің көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген тек қана заңды тұлғалар нотариалдық түрде ұсынады; Z970136
4) АЭА құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері, кіші түрлері бойынша шарттардың көшірмелері және орындалған жұмыстар актілерінің көшірмелері (қағаз және электронды тасығыштарда).
Өтініш және Ереженің осы тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген қоса берілетін құжаттарға ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болғанда оның міндетін атқарушы тұлға), бас бухгалтері қол қоюы және мөрмен куәландырылуы тиіс.
5. Растауды алуға ұсынылып отырған материалдар бір папкаға жинақталуы, парақтары нөмірленуі және осы Ереженің қосымшаларының талаптарына қатаң сәйкестікте болуы тиіс.
6. Өтініш беруші ұсынылған бастапқы деректердің, есептердің негіздемелердің толықтығын қамтамасыз етеді.
7. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілмесе өтініштер қарауға қабылданбайды.
8. Өтінішті қараусыз қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда, АЭА әкімшілігі АЭА қатысушыға 3 күн ішінде бірінші басшының (ол жоқ болғанда міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған жазбаша дәлелді жауапты жібереді.
АЭА қатысушының өтініші мынадай жағдайларда:
1) өтініш мазмұнына және ресімдеуге қойылатын талаптарды бұзғанда;
2) АЭА қатысушысына қатысты АЭА аумағында қызметтің осы түрімен айналысуға тиым салатын уәкілетті орган немесе сот шешімі болғанда.
9. АЭА қызмет түрлеріне сәйкестікке мониторинг жүргізуге АЭА әкімшілігі өндіріспен танысу үшін қызметті жүзеге асыру орнына өз өкілдерін жіберуге мүмкіншілігі бар.
10. Растауды АЭА әкімшілігі өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей береді.
11. Осы ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысанда ресімделген растауды тіркеу журналында растау тіркеледі.
12. Растау баспа түрінде үш данада ресімделеді, оның екеуі Өтініш берушіге беріледі, үшіншісі АЭА әкімшілігінде қалдырылады.
13. Өтініш беруші қайта тіркелген жағдайда бұрын берілген растауының күші сақталады.
14. Өтініш берушіні тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде АЭА аумағындағы нақты қызмет еткен кезеңі үшін растау беріледі.
Арнайы экономикалық
аймаққа қатысушыларға
растауды беру ережесіне
1-қосымша
"(атауы)" арнайы экономикалық
аймақ әкімшілігі мемлекеттік
мекемесінің
басшысы _________________
(Т.А.Ә.)
Алынған табыстарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыстарға жатқызу туралы
РАСТАУЫН алуға
ӨТІНІШ
1. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушының атауы ________________________________________________________________
2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) __________________
3. Бизнес – сәйкестендіру нөмірі (егер бар жағдайда) _____
4. Мекен жайы мен телефоны _______________________________
________________________________________________________________
5. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушысы ретінде тұрақты (уақытша) тіркеу туралы 200_ жылғы "___" ___________ N________ куәлігі.
200_ жылғы "___" __________ мен 200_ жылғы "___" ___________
кезеңі аралығында Алынған (алынуға жататын) табыстарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыстарға жатқызу туралы растауын беруді сұраймыз.
Қызмет түрлері:
__________________________________________________________________

Қосымша: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің бұйрығымен бекітілген (атауы) Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар ережесінің және растауды беру нысанының 4-тармағында көрсетілген растауын алу үшін қажетті құжаттар.
200_ жылғы "___" _________ N _______
Ұйым басшысы ______________________
(Т.А.Ә, қолы)
Бас бухгалтер ______________________
(Т.А.Ә, қолы)
М.О.
200_ жылғы "___" "___________"
Арнайы экономикалық
аймаққа қатысушыларға
растауды беру ережесіне
2-қосымша
Алынған табыстарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыстарға жатқызу туралы
РАСТАУЫ
N _________ 200_ жылғы "___" ___________
1. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушының (атауы) ______
__________________________________________________________________
2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ____________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда) ________
4. АЭА қатысушының коды (ол болған жағдайда) _______________
5. Мекен–жайы және телефоны ______________________________
__________________________________________________________________
6. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тұрақты (уақытша) тіркеу туралы 200_ жылғы "___" ___________ N________ куәлігі.
АЭА әкімшілігі мемлекеттік мекемесі, 200_ жылғы "___"______________ мен 200_ жылғы "___" _________ аралығындағы жоғарыда аталған ұйымның (атауы) (оның) арнайы экономикалық аймақ мақсатына сәйкес қызмет түрінен (түрлерінен) жеке өндіріс тауарларын (жұмыстарын, қызметтерiн) өткізуден алынған табыстары (сома теңгемен және пайызбен, жазбаша) _________________________________ жылдық жиынтық табысты құрайтынын растайды.
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сәйкес қызмет түрінен (түрлерінен) меншікті өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі (ҚР Үкіметінің 200___ жылғы "___" _______ N __________ қаулысымен бекітілген) |
ЭҚЖС коды |
ЭҚТӨС коды |
Меншікті өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден алынған табыстар (теңге сомасында) |
Жылдық жиынтық табыстың салыстырмалы салмағы (%-да) |
|
түрі |
кіші түрі |
||||
Жылдық жиынтық табыс (сомасы теңгемен) ___________________________
Әрекет ету мерзімі _______________________________________________
"(атауы)" арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі
мемлекеттік мекемесінің басшысы _________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
М.О.
Арнайы экономикалық
аймаққа қатысушыларға
растауды беру ережесіне
3-қосымша
"(атауы)" арнайы экономикалық
аймақ әкімшілігі мемлекеттік
мекемесінің
басшысы ____________________
(Т.А.Ә.)
Алынуға жататын табыстарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыстарға жатқызу туралы
РАСТАУЫН алуға
ӨТІНІШ
1. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушының атауы __________________________________________________________________
2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ____________________
3. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар жағдайда) _________
4. Мекен жайы мен телефоны _________________________________
__________________________________________________________________
5. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушысы ретінде тұрақты (уақытша) тіркеу туралы 200_ жылғы "___" ___________ N________ куәлігі.
200_ жылғы "___" __________ мен 200_ жылғы "___" ___________
кезеңі аралығында Алынуға жататын табыстарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыстарға жатқызу туралы растауын беруді сұраймыз.
Қызмет түрлері:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қосымша: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің бұйрығымен бекітілген (атауы) Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар ережесінің және растауды беру нысанының 4-тармағында көрсетілген растауын алу үшін қажетті құжаттар.
200_ жылғы "___" _________ N _______
Ұйым басшысы __________________________________
(Т.А.Ә, қолы)
Бас бухгалтер ___________ ______________________
(Т.А.Ә, қолы)
М.О.
200_ жылғы "___" "___________"
Арнайы экономикалық
аймаққа қатысушыларға
растауды беру ережесіне
4-қосымша
Алынуға жататын табыстарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыстарға жатқызу туралы
РАСТАУЫ
N _________ 200_ жылғы "___" ___________
1. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушының (атауы) ______
__________________________________________________________________
2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ____________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда) ________
4. АЭА қатысушының коды (ол болған жағдайда) _______________
5. Мекен–жайы және телефоны ______________________________
__________________________________________________________________
6. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тұрақты (уақытша) тіркеу туралы 200_ жылғы "___" ___________ N________ куәлігі.
АЭА әкімшілігі мемлекеттік мекемесі, 200_ жылғы "___"______________ мен 200_ жылғы "___" _________ аралығындағы жоғарыда аталған ұйымның (атауы) (оның) арнайы экономикалық аймақ мақсатына сәйкес қызмет түрінен (түрлерінен) жеке өндіріс тауарларын (жұмыстарын, қызметтерiн) өткізуден алынған табыстары (сома теңгемен және пайызбен, жазбаша) _________________________________ жылдық жиынтық табысты құрайтынын растайды.
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сәйкес қызмет түрінен (түрлерінен) меншікті өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі (ҚР Үкіметінің 200___ жылғы "___" _________ |
ЭҚЖС коды |
ЭҚТӨС коды |
Меншікті өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден алынған табыстар (теңге сомасында) |
Жылдық жиынтық табыстың салыстырмалы салмағы (%-да) |
|
түрі |
кіші түрі |
||||
Жылдық жиынтық табыс (сомасы теңгемен) ______________________________
Әрекет ету мерзімі ____________________________________________
"(атауы)" арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі
мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
М.О.
Арнайы экономикалық
аймаққа қатысушыларға
растауды беру ережесіне
5-қосымша
Өтініштерді тіркеу журналы
N ү/қ |
Өтініш қабылданған күні |
Өтініштің атауы |
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар жағдайда) |
кестенің жалғасы
Бекітілген кіріс сомасы және берілген күні |
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі |
Парақ саны |
Өтінішті қабылдаған маманның қолы және Т.А.Ә. |
Өтініш берушінің қолы |
Арнайы экономикалық
аймаққа қатысушыларға
растауды беру ережесіне
6-қосымша
Растауды тіркеу журналы
N р/с |
Растауды берген күні |
Растауды алушының атауы |
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар жағдайда) |
кестенің жалғасы
Бекітілген кіріс сомасы және берілген күні |
Парақ саны |
Растауды берген маманның қолы және Т.А.Ә. |
Алушының қолы |