Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 5 қарашадағы N 329 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5031 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 9 тамыздағы № 209 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2010.08.09 № 209 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің нормативтiк құқықтық актiлерін "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті ұйымдастыру ережесін және "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде заңды тұлғаларды тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 68 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 20 наурызда N 4127 тіркелген, "Юридическая газета" 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 71-72 (1051-1052), "Заң газеті" 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 71-72 (878) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақтағы "Ә.Ө.Исекешевке" деген сөздер "Қ.У.Бишімбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті ұйымдастыру ережесінде:

      1-тармақта "1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Заңның 1-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулі аумағы болып табылады.";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Сараптамалық кеңес - жобаларды АТП АЭА аумағында жүзеге асыру орындылығы туралы қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;";

      11 және 12-тармақтар алынып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Өтініш беруші Дирекцияға Сараптамалық кеңеске одан әрі сараптама жүргізу үшін өтініш береді.
      Өтініш мыналарды қамтиды:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің сауалнамасы;
      3) бизнес-жоспар;
      4) егер жобада АТП АЭА-ның инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы қарастырылса, техникалық-экономикалық негіздеме.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Сараптамалық кеңес туралы ереже мен Сараптамалық кеңестің құрамын уәкілетті орган бекітеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Сараптамалық кеңес жобаны АТП АЭА аумағында жүзеге асыру үшін жіберудің орындылығы туралы қорытынды шығарады және оны қабылданған сәттен бастап үш күндік мерзімде Дирекцияға жібереді.";

      18-тармақта "қатысушы ретінде тіркеуге келісім беру туралы шешімді" деген сөздер "аумағында жүзеге асыру орындылығы туралы қорытындыны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақта "шешімі" деген сөз "қорытындысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24-тармақта "сараптамалық кеңестің рұқсатын алған өтініште" деген сөздер "Сараптамалық кеңестің оң қорытындысын алған өтініште" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Дирекцияның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзған жағдайда;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде заңды тұлғаларды тіркеу ережесiнде:
      1-тармақта "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Сараптамалық кеңес - жобаларды АТП АЭА аумағында жүзеге асыру орындылығы туралы қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;";

      4-тармақта "басқарушы компанияның ұсынуы бойынша Сараптамалық кеңестің оң қорытындысын алған" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақта "және басқарушы компанияның ұсынуы" деген сөздер алынып тасталсын;

      12-тармақтың 9) тармақшасындағы "СТН," деген сөзден кейін "ЖСН (егер бар жағдайда)," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Ақпараттық технологиялар паркі" АЭА-ға ҚАТЫСУШЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫ" N 3 қосымшадағы кестеде "СТН" деген сөзден кейін ", БСН (егер бар жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.02.05 N 31 Бұйрығы.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің төрағасы
      2007 жылғы 5 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады