Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 85 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережеге сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2045 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 7, 791 парақ) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 556 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4226 болып тіркелген және 2006 жылғы 26 мамырдағы N 97-95 "Заң газеті" басылымында жарияланған) N 196 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2–тармақта:
бірінші абзацтағы "Көші-қон полициясы департаментінің", "Департаменттері" деген сөздер "Әкімшілік полициясы комитеті", "Департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "басқармаларына" деген сөз "Департаменттеріне" деген сөзбен ауыстырылсын;
2–тармақтың
3) тармақшасындағы "облыс орталықтарында және" деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "8" санынан кейін ", 9, 10, 11" сандарымен толықтырылсын;
3–тармақтағы "Көші-қон полициясы департаменті" деген сөздер "Әкімшілік полициясы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
5–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) Әкімшілік полиция комитетінің төрағасына жүктелсін.";
Аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді ішкі істер органдарымен қарау бойынша нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздер "Мемлекеттік құқықтық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
преамбулада:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау Ережесіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы ережесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы" деген сөздер алынып тасталсын;
"(бұдан әрі – Келісім)" деген сөздерден кейін ", 1957 жылғы 29 қаңтардағы Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенциясымен (1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының N 19-ІІ Заңы.)" деген сөздермен толықтырылсын;
1–тармақ келесі мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"тұрақты тұру - өтініш берушінің тұрақты тіркелу жері.";
2–тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтыққа қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту, сондай-ақ азаматтыққа қатыстылығын анықтау мәселелері туралы өтініштер белгіленген нысандағы (9-қосымша) журналға міндетті түрде тіркелуге және қарауға жатады";
келесі мазмұндағы 6 және 7 абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстанның азаматтығын қабылдау туралы өтініш берген оралмандарға олардың талабы бойынша көші-қон мәселелері жөніндегі өкілетті органға ұсыну үшін анықтама (10–қосымша) беріледі. Ішкі істер департаменті (Бұдан әрі – ІІД) анықтаманы құжаттар ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін ғана береді.
Анықтамалар берген кезде мынадай адамдардан міндетті түрде жеке басын куәландыратын және кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқаларын талап ету және істегі материалдарға қосылған көшірмелермен салыстыру қажет.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөнінде өтініш білдірген адамның сотталғаны немесе сотталмағаны туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністеріне сұрау салады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шығарған қорытындысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы материалдар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолданады.
Дұрыс ресімделмеген материалдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ІІД-не заңнамаға сәйкестендіру үшін қайтарылады. Кемшіліктерді жою мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, кейіннен материалдар қайта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жолданады.
Өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жоқтығына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерінен уақытылы жауаптың түспеуіне байланысты белгіленген мерзім ішінде кемшіліктерді жоюға мүмкіндік болмаған жағдайда, өтінішті қарау тоқтатылады, ол туралы өтініш иесіне бес жұмыс күн ішінде хабарлама жіберіліп, көшірмесі істегі материалдарға тігіледі.";
мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2-тармақтармен толықтырылсын:
"11-1. Егер өтініш беруші өзінің сауатсыздығынан немесе дене кемістігіне байланысты өтінішке қол қоя алмаса, онда "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес оның өтініші бойынша басқа адам қол қояды, ол арызға нотариус тиісті жазба жазады.
11-2. Азаматтық мәселелері бойынша өтініш берушілердің өтінішке қосылатын құжаттардың (паспорт, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, оралманның куәлігі, бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш) көшірмелері нотариалды куәландырылған болуы керек.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 542-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеуден репатрианттар (оралмандар) – Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға байланысты барлық нотариалды әрекеттер бойынша босатылады.";
15-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақшадағы ", бас киімсіз анфас" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқандығы туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама (осы Нұсқаулықтың 12-тармағының 1) тармақшасындағы екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органына Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы және сонымен қатар келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтініш жасаған адамдарды қоспағанда. Мұндай өтініш беру фактісі туралы ақпарат, осындай адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған жағдайда олардың шетелдік паспорттарымен бірге бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы өтініштері шетел мемлекетіне жіберіледі. Бұрынғы азаматтықтан бас тарту жөніндегі өтініштің көшірмесі азаматтық алу туралы материалдарға қосылады.);
9) мемлекеттік баж салығын төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны жөніндегі құжат. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 544-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеуден жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезінде, өзге де адамгершілікке жат саяси акциялардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге ниет білдірген олардың ұрпақтары және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау кезінде – репатрианттар (оралмандар) босатылады. Мемлекеттік бажды төлеуден босату оларға бірақ рет беріледі.";
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Аталған құжаттардан басқа:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы N 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарға жауап беретін адамдар мамандық және профилді мемлекеттік органның қолдаухатын;
Қазақстан Республикасына тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар – оралманның куәлігін және келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғасының атына бұрынғы азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.";
16–тармақ алынып тасталсын;
17–тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
2) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
3) белгіленген нысанда толтырылатын, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабында қарастырылған шарттарды қадағалау туралы міндеттеме (3-қосымша);
4) сотталғаны немесе сотталмағаны жөніндегі анықтама;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
6) басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқандығы туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама;
7) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны жөніндегі құжат;
8) бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.";
18–тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақшада "әскери комиссариаттан" деген сөздер "қорғаныс істері бойынша аумақтық департаменттерінен" деген сөздермен ауыстырылсын, "(18-ден 27 жасқа дейін)" деген сөздер алынып тасталсын;
21–тармақта "анықтамада жазылады" деген сөздерден кейін "(11-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын;
22–тармақ алынып тасталсын;
26–тармақ келесі мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Азаматтықты жоғалтуын тіркеу бойынша материалдар жеке номенклатуралық іске қалыптастырылады. Өткізілген тексеріс нәтижелері бойынша Ішкі істер департаменттері қорытынды шығарады.";
28–тармақ алынып тасталсын;
29, 30–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтауға мына адамдар:
1) 1974 жылғы үлгідегі КСРО-ның паспорттарымен немесе оларды жоғалтқандар, 1992 жылғы 1 наурызында Қазақстан Республикасында тұрақты тіркеуде тұрмағандар немесе Қазақстан Республикасында тіркеу есебінен шығып тоғыз ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жаңа орны бойынша тіркеу есебіне тұрмағандар;
2) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылып шыққандар;
3) мекенжай-анықтамалық бюросының мәліметтері бойынша тіркеуде жоқ және пәтер бойынша немесе шаруашылық кітаптар бойынша тұрақты тіркеуде тұратынын растай алмайтын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алмаған 18 жастан асқандар;
4) бұрын азаматтығы болмағандар немесе азаматтығы тоқтатылғаны туралы анықтамалары бар, Қазақстан Республикасының аумағында туған және шетелдік паспорттың жарамды мерзімі өтуіне байланысты бұрын азаматтығы жоқ тұлға ретінде танылғандар;
5) Қазақстан Республикасының аумағында туғандар және шетел мемлекетінің азаматтығында болмағандар.
30. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ІІД бастықтарының атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау туралы адамдар өтініш жазады және оны тұрақты тұратын жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністеріне тапсырады.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Нұсқаулықтың 29–тармағында көрсетілген, шарттардың біреуінің барын растайтын құжат;
2) толық өз өмірбаяны;
3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
4) іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары тексерілетін адамның тұратын жері бойынша толық хаттама жасайды, онда тексерілетін адамның қашан туғаны және туған жері, олардың туған кезінде ата-анасының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжаттар бойынша келгені, қазіргі уақытта туыстарының кім және қайда тұратыны немесе тұрғаны, олардың азаматтығы және жағдайға байланысты басқа сұрақтар көрсетілуі тиіс.
Мұндай адамдар жөнінде, прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер бөліністерінен сотталғаны немесе сотталмағаны туралы мәліметтер сұралады.
Өтініштерді қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерінен уақтылы жауап түспеуіне байланысты белгіленген мерзім ішінде кемшіліктерді жоюға мүмкіндік болмаған жағдайда, өтінішті қарау тоқтатылады, бұл туралы өтініш берушіге хабарлама жіберіліп, көшірмесі істегі материалдарға қосылады.
Шетелден мәлімет алу қажет болған жағдайда сұрау хаттар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жолданады.
Тексеріс нәтижелері бойынша дәлелденген қорытынды шығарылады, оны ІІД-нің бастығы немесе жетекшілік ететін орынбасары бекітеді.
Келіп түскен материалдарды жеке номенклатуралық іске ресімдейді, ол аяқталғаннан соң мұрағатқа өткізіліп тұрақты сақталуға жатады.";
31–тармақ келесі мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы ішкі істер органдарымен анықталмаған адамдар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігімен құжаттандырылады.";
32–тармақта:
төртінші абзацта "шетел азаматтары" деген сөздер "шетелдіктер" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ІІД Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдардан ұлттық паспортын алып қояды және бұрынғы азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды расталған өтініштің түпнұсқасы және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағаны туралы хабарландырулармен бірге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне әр тоқсанның қорытындысы бойынша белгіленген нысанда (8-қосымша) жолдайды. Азаматтығы жоқ тұлғалардың куәліктері белгіленген тәртіпте жойылады, бұл ретте куәліктердің жойылғандығы туралы актілер Ішкі істер министрілігіне жіберіледі.";
жетінші абзац алынып тасталсын;
34–тармақта:
бірінші абзацтағы "облыстардағы ІІД бастығының атына өтініш жазады және" деген сөздерден кейін "сонымен бірге келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаны шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішімен бірге" деген сөздермен толықтырылсын.
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі.";
3) тармақшадағы "бас киімсіз түсірілген анфас" сөздері алынып тасталсын;
36–тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Украина азаматтары жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардағы ІІД бастығының атына өтініш жазады және онымен бірге Украина Президентіне нотариалды куәландырылған Украина азаматтығынан бас тарту туралы жазбаны тұрақты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары көші-қон полициясының бөліністеріне береді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;";
келесі мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"1-1) белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша)";
келесі мазмұндағы 36-1-тармағымен толықтырылсын:
"36-1. Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы 1957 жылғы 29 қаңтардағы конвенцияға (2000 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан азаматымен тұрмыста тұрған шетелдік әйел облыстағы ІІД бастығының атына жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтығын алу жөнінде өтініш жазады, сонымен бірге келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаны шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішті тұрақты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары көші-қон полициясының бөліністеріне береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
4) белгіленген нысанда толтырылатын, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында қарастырылған шарттарды қадағалау туралы міндеттемесі (3-қосымша);
5) шетелдік мемлекет азаматтығына қатыстылығын растайтын паспорттың көшірмесі;
6) неке туралы куәлігінің көшірмесі;
7) жұбайы – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
8) мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжат."
38–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. ІІД Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға өтініш берген адамдарға қатысты прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы тіркеу органдарынан сотталғаны немесе сотталмағаны жөнінде мәліметтер сұрайды және материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі.";
39–тармақтағы "шетел азаматтары" сөздері "шетелдіктер" деген сөзбен ауыстырылсын;
43–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Оңайлатылған түрде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адам анықтама (6-қосымша) алу барысында азаматтығында болған бұрынғы мемлекеттің ұлттық паспортын тапсырады, содан соң нотариалды куәландырылған бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш түпнұсқасымен бірге тоқсан қорытындысы бойынша белгіленген нысанда (8-қосымша) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызметіне жіберіледі.";
Осы бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшыларына сәйкес 9, 10, 11-қосымшыларымен толықтырылсын.
2. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.М. Оразалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Министр С. Баймағанбетов
"КЕЛІСІЛДІ" "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Бас прокуроры Жоғарғы Сотының төрағасы
_______________ Қ. Мәми ___________М. Әлімбеков
2009 жылғы 7 тамыз 2009 жылғы 8 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
генерал-лейтенант
____________ А. Шабдарбаев
2009 жылғы 11 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2009 жылғы 12 тамыздағы
N 309 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулыққа 9-қосымша
__________________ бойынша
жеке тұлғалардың қолдау хаттарын
есепке алу
ЖУРНАЛЫ ЖУРНАЛ
учета ходатайств физических лиц
по ____________________________
р/с N N п/п |
Қолдау хаттың түскен күні Дата поступления ходатайства |
Өтініш иесінінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы Фамилия, имя, отчество, год рождения, адрес заявителя |
Қолдау хаттың қысқаша мазмұны Краткое содержание ходатайства |
Орындаушының Т.А.Ә. Ф.И.О. исполнителя |
Шығыс нөмірі материалдарды Қалалық, аудандық ІІб-ге, ІІД-ге, ІІМ-ге жолдаған күні Исходящий номер, дата направления материалов в городские, районные ОВД, ДВД, МВД |
Қолдау хатты қарауды тоқтатқан немесе қайта қарау уақыты, негіз Дата приостановления или возобновления рассмотрения ходатайств, основания |
Қарау нәтижелері Результаты рассмотрения |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Басталды/Начато
Аяқталды/Окончено
Парақтардың саны/Количество листов
Сақтау мерзімі/Срок хранения
N ______ АНЫҚТАМА ТҮБІРТЕГІ
КОРЕШОК СПРАВКИ N _________
Тегі ______________________________________________
Фамилия
Аты________________________________________________
Имя
Әкесінің аты ______________________________________
Отчество
Туған жылы ________________________________________
Дата рождения
Бұрынғы азаматтығы ________________________________
Прежнее гражданство
Паспортының N _____________________________________
N ________________________________________ Паспорта
20__ жылғы "_____"___________ ол шын мәнінде Қазақстан
Республикасының азаматтығын қабылдауға өтініш білдірді.
В том, что он (а) действительно "____" _________ 20 ___ г. подал
(а) ходатайство на приобретения гражданства Республики Казахстан.
Онымен бірге:_____________________________ ________
Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____ өтініш берді.
Инспектор __________________________________________
(қолы - подпись)
Анықтаманы алдым ___________________________________
Справку получил(а) (қолы - подпись)
20 __ жылғы "____"_____________
М.О.
М.П.
ІІО Қазақстан Республикасы
N ____ Ішкі істер министрінің
20___ ж. г. 2009 жылғы 12 тамыздағы
N 309 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулыққа 10-қосымша
N _________ АНЫҚТАМА
СПРАВКА N___________
____________________ азаматының Выдана к паспорту N ____________
N __________ паспортына берілді гражданина _____________________
Тегі _______________________________________________________________
Фамилия
Аты ________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты _______________________________________________________
Отчество
Туған жылы ________________________________________________________
Дата рождения
20___ жылғы "____"_____________ ол шын мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға өтініш білдірді.
В том, что он (а) действительно "____" ___________ 20___г. подал (а) ходатайство на приобретения гражданства Республики Казахстан.
Онымен бірге: ___________________________ ___________________
Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________ өтініш берді.
_____________________________ облысының ІІД КҚПБ-ның бастығы
Начальник УМП ДВД __________________________________ области
М.О.
М.П.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2009 жылғы 12 тамыздағы
N 309 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулыққа 11-қосымша
АНЫҚТАМА – СПРАВКА
Маған,
_________________________________________________________
Мне, (Т.А.Ә., туған жылы – Ф.И.О., год рождения)
Қазақстан Республикасының разъяснены правовые и иные
азаматтығынан шыққан жағдайда последствия при выходе из
құқықтық және өзге де салдары гражданства Республики Казахстан.
түсіндірілді.
Таныстым ________________________ 20 __ ж.г.
"___"___________
Ознакомлен(а) (қолы-подпись)
______________________________облысының ІІД КҚПБ-ның бастығы
Начальник УМП ДВД __________________________________ области