Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсан N 19-II Заңы.

      Қазақстан Республикасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 1957 жылғы 29 қаңтардағы 1040 (XI) қарарымен қол қою және бекіту үшін ашық Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылсын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенция

      (1957 жылғы 20 ақпан, Нью-Йорк қаласы)

      Уағдаласушы мемлекеттер,

      Азаматтыққа қатысты құқық пен практикадағы коллизиялар әйелдердiң некеге отыруының, некенi бұзуының немесе неке одағы болған уақытта күйеуiнiң азаматтығын өзгертуi салдарынан азаматтығын жоғалтуы немесе алуы туралы қаулының нәтижесi ретiнде пайда болатындығын ескере отырып,

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқығының жалпыға бiрдей декларациясының 15-бабында "Әр адамның азаматтыққа құқығы бар" екендiгiн және "ешкiм өзiнiң азаматтығынан немесе өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан ерiксiз айырыла алмайтындығын" көрсеткендiгiн ескере отырып,

      адам құқығы мен жынысына қарамастан баршаға арналған негiзгi бостандықтарды жаппай құрметтеуге және сақтауға ықпал ету үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа ниет бiлдiре отырып,

      осымен мына төмендегiлер туралы келiседi:

1-бап

      Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң кiм де болмасын азаматы мен шетелдiктiң арасындағы некеге отыру да, оны бұзу да, неке одағы болған кезде күйеуiнiң азаматтығын өзгертуi де автоматты түрде оның әйелiнің азаматтығында көрсетiлмейдi деп келiседi.

2-бап

      Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң кiм де болмасын азаматының қандай да болмасын басқа мемлекеттiң азаматтығын өз еркiмен алуы да, өзiнiң кiм де болмасын азаматының өз азаматтығынан бас тартуы да бұл азаматтың әйелiнiң өз азаматтығын сақтауына кедергi келтiрмейтiн болады деп келiседi.

3-бап

      1. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң қандай да болмасын азаматында тұрмыстағы шетелдiк әйел өтiнiшi бойынша қанатының астына алудың арнайы оңайлатылған тәртібімен өзiнің күйеуiнiң азаматтығын ала алады деп келiседi. Мұндай азаматтықты сыйлау мемлекеттік қауiпсiздiк мүддесiнде немесе жариялы тәртiппен белгiленетiн шектеулердiң объектiсi болуы мүмкiн.

      2. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенция оған сәйкес кiм де болмасын өзiнің азаматына тұрмысқа шыққан шетелдiк әйел құқығы бойынша, өз өтiнiшiмен өзiнiң күйеуiнiң азаматтығын ала алатын қандай да болмасын заңдарды немесе сот практикасын қозғаушы ретiнде түсiндiрiлмейдi деп келiседi.

4-бап

      1. Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшесi кез келген мемлекеттiң атынан, сондай-ақ Бiріккен Ұлттар Ұйымының кез келген мамандандырылған мекемесiнiң мүшесi болып табылатын немесе кейiннен болатын немесе Халықаралық Сот Мәртебесiнiң қатысушысы болып табылатын немесе кейiннен болатын кез келген мемлекеттiң атынан немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шақыру жiберетiн кез келген басқа мемлекеттiң атынан қол қою және бекіту үшiн ашық.

      2. Осы Конвенция бекітуге жатады және бекітілген грамоталар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

5-бап

      1. Осы Конвенция оған 4-баптың 1-тармағында айтылған барлық мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.

      2. Қосылу Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қосылу туралы грамотаны сақтауға тапсыру арқылы жасалады.

6-бап

      1. Осы Конвенция алтыншы бекіту грамотасын немесе қосылу туралы грамотаны сақтауға тапсырған күннен бастап тоқсаныншы күнi күшiне енедi.

      2. Осы Конвенцияны бекiткен немесе алтыншы бекіту грамотасын немесе қосылу туралы грамотаны сақтауға тапсырғанға дейiн оған қосылған әрбiр мемлекет үшiн Конвенция бұл мемлекеттер өзiнiң бекіту грамотасын немесе қосылу туралы грамотаны сақтауға тапсырған күннен бастап 90-шы күнi күшiне енедi.

7-бап

      1. Осы Конвенция халықаралық қатынасы үшiн қандай да болмасын Уағдаласушы мемлекеттердiң бiрi жауапты барлық өзiн өзi басқармайтын, қамқорлықтағы, отарлық және басқа да билеушiлiктегi аумақтарға кiрмейтiндерге қатысты қолданылады; осы баптың 2-тармағының қаулысын сақтау шартымен тиiстi Уағдаласушы Мемлекет билеушiлiкке кiрмейтiн қандай да бiр аумаққа қатысты қол қою, бекіту немесе қосылу кезiнде осы Конвенция мұндай қол қоюдың, бекітудiң немесе қосылудың нәтижесiнде iрsо facto қолданылатындығын мәлiмдейдi.

      2. Билеушiлікке кiретiн қандай да болмасын аумақ ол билеушiлiк аумағымен бiртұтас ретiнде азаматтыққа қатысты болғандықтан қаралатын әрбiр жағдайда және Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе билеушiлiкке кiрмейтiн аумақтың конституциялық заңдарының немесе практикасының негiзiнде әрбiр жағдайда осы аумаққа қатысты осы Конвенцияны қолдану үшiн соңғысының алдын ала келісімi талап етiледi, Уағдаласушы Мемлекет осы Уағдаласушы Мемлекет Конвенцияға қол қойылған күннен бастап он екi айлық мерзiмде осы билеушiлiкке кiрмейтiн аумақтың қажеттi келісімiн алуға шара қабылдауы тиiс, ал мұндай келісім алынғаннан кейiн Уағдаласушы Мемлекет ол туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын құлақтандырады. Осы Конвенция мұндай құлақтандыруда аталған аумаққа немесе аумақтарға қатысты оны Бас хатшы алған күннен бастап қолданылады.

      3. Осы баптың 2-тармағында айтылған он екi айлық мерзiм аяқталғаннан кейiн тиiстi Уағдаласушы Мемлекет Бас хатшыға халықаралық қатынас үшiн ол жауапты және осы Конвенцияның қолданылуына келісім алынбаған билеушiлiкке кiрмейтiн сол аймақтармен өзiнiң консультацияларының нәтижелерi туралы хабарлайды.

8-бап

      1. Кез келген мемлекет қол қою, бекіту немесе қосылу кезiнде 1 және 2-баптарын қоспағанда, осы Конвенцияның кез келген бабына ескерту жасай алады.

      2. Егер қандай да болмасын мемлекет осы баптың 1-тармағына сәйкес ескерту жасаса, онда бұл ескерту ол қатысты сол қаулыны немесе сол қаулыларды қоспағанда, Конвенцияның ескерту жасаған мемлекет пен оған басқа қатысушылардың арасындағы қатынастардағы мiндеттi сипатын қозғамайды. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияға қатысушы болып табылатын немесе болатын барлық мемлекеттерге осы ескертудiң мәтiнiн хабарлайды. Осы Конвенцияға қатысушы болып табылатын немесе кейiннен болатын кез келген мемлекет Бас хатшыға өзi осы Конвенция арқылы бұл ескертудi жасаған мемлекетпен байланыстымын деп санауға келiспейтiндiгi туралы хабарлай алады. Мұндай құлақтандыру осы Конвенцияның қатысушысы болып табылатын мемлекетке қатысты Бас хатшының хабарлауы күнiнен бастап есептегенде және кейiн оның қатысушы болған мемлекетке қатысты бекіту грамотасы немесе қосылу туралы грамота сақтап қойылған күннен бастап есептегенде тоқсан күннiң iшiнде жасалуы тиiс. Мұндай құлақтандыру жағдайында Конвенция мұндай құлақтандыру шыққан мемлекет пен ескерту жасаған мемлекеттiң арасында қолданылмайды.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ескерту жасаған әрбiр мемлекет ол қабылданғаннан кейiн кез келген уақытта Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының атына құлақтандыру жiберу арқылы оны толық немесе iшiнара керi қайтарып ала алады. Мұндай құлақтандыру ол алынған күннен бастап күшiне енедi.

9-бап

      1. Кез келген Уағдаласушы Мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысына жазбаша құлақтандыру жiберу жолымен осы Конвенцияның күшiн жоя алады. Күшiн жою Бас хатшы бұл құлақтандыруды алған күннен бастап бiр жыл өткен соң күшiне енедi.

      2. Осы Конвенция оның нәтижесiнде бұл Конвенцияға қатысушылардың саны алтыдан төмен болатын күшiн жою күшiне енген күнi өзiнiң күшiн жояды.

10-бап

      Екi немесе одан көп Уағдаласушы Мемлекеттердiң арасындағы осы Конвенцияның түсiндiрiлуi мен қолданылуына қатысты, келiссөздер арқылы шешiлмеген кез келген дау кез келген дауласушы тараптың талап етуi бойынша, егер тараптар реттеудiң өзге де тәсiлi туралы келiспесе Халықаралық Сотқа шешуге берiледі.

11-бап

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелерiне, және осы Конвенцияның 4-бабының 1-тармағында айтылған оның мүшелiгiнде тұрмайтын мемлекеттерге мыналар туралы:

      а) 4-бапқа сәйкес бекіту грамоталарына қол қойылғандығы туралы және алынғандығы туралы;

      b) 5-бапқа сәйкес грамота алынғандығы және қосылу туралы;

      с) 6-бапқа сәйкес осы Конвенция күшiне енетiн күнi туралы;

      d) 8-бапқа сәйкес алынған хабарлаулар мен құлақтандырулар туралы;

      е) 9-баптың 1-тармағына сәйкес алынған сақтап қою туралы құлақтандырулар туралы;

      f) 9-баптың 2-тармағына сәйкес Конвенцияның күшi жойылғаны туралы хабарлайды.

12-бап

      1. Ағылшынша, испанша, қытайша, орысша және французша мәтiндерi бiрдей тең болып табылатын осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымының архивiне сақтауға тапсырылады.

      2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның расталған көшiрмелерiн барлық мемлекеттерге - Бiрiккен Ұлттар Ұйымына барлық мүше мемлекеттерге, сондай-ақ және 4-баптың 1-тармағында айтылған оның мүшелiгiнде тұрмайтын мемлекеттерге қайта жөнелтедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады